Перейти в мобильную версию: wap.econom-krg.gov.kz
Басты Кері байланыс Сайт картасы Нашар көретiндер үшiн

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасынының іске асырылуы туралы 2018 жылға ақпарат

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасынының іске асырылуы туралы 2018 жылға ақпарат

 

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасынының шеңберінде 2018 жылы 152 жоба іске асырылуда.

Жобалар «екінші деңгейлі» (Қарағанды қаласы), «үшінші деңгейлі» (шағын және моноқалаларды) қалаларды, ауылдық жерлерді дамытуға (жылу, су және су бұру желілерін дамыту) бағытталған.

Қарағанды қаласында 12 жоба іске қосылды. Пришахтинск М-8 жылу магистралін қайта жаңғырту, Орталық саябақты жөндеу ВЛКСМ 30 жыл, қоғамдық бақтарды, шағын бақтар мен аулалар аумағын абаттандыру. Екінші жыл Қарағанды және Жезқазған қалаларында орталық саябақтардың қайта құрылу жұмыстары жалғастырылуда. Облыс орталығындағы жұмыс келесі жылы, Жезқазған қаласында ағымдағы жылы аяқталады.

«Моноқалаларды дамыту» бағыты бойынша Сәтбаев қаласына қаражат бөлінді. Ұзындығы 2,8 км болатын 6 және 8 ықшамауданындағы тұрғын үй аудандарына магистральды жылу желісі; ұзындығы 4,6 км болатын ықшамауданның сыртқы электрі; 8 ықшамауданындағы 107 тұрғын үйлерге кіріс және ішіндегі инженерлік желілері құрылыстары қалада аяқталады.

Ауылдық жерлерді дамыту шеңберінде  «Дипломмен ауылға» жобасы іске асырылуда.

Әлеуметтік саладағы және агроөнеркәсіптік кешеніндегі 290 маман (213 білім саласындағы қызметкерлер, 59 - қоғамдық денсаулық, 8 - мәдениет, 2 - спорт, 8 - агроөнеркәсіп кешені) көтерме жәрдемақы алды. 182 маман, олардың ішінде білім беру қызметкерлері (126), денсаулық сақтау (41), мәдениет (6), спорт (2) және агроөнеркәсіптік кешен (7) жұмыскерлері тұрғын үйге қол жеткізді.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті қауымдастықтар жиналысының шешімдерімен қаржылық қолдау көрсету үшін қаражат 14 мектеп, 18,7 км жөндеуге бағытталды. Ауыл ішіндегі жолдар мен ауылдық елді мекендерде 50 көшенің жарықтандыруы.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды жергілікті қауымдастықтар жиналысының шешімдерімен қаржылық қолдау көрсету үшін қаражат 14 мектепке, 18,7 км ауыл ішіндегі жолдарды жөндеуге және ауылдық елді мекендердегі 50 көшенің жарықтандыру жұмыстарына бағытталды. 106 елді-мекен қамтылды.

Жылу, су және су бұру желілерін дамыту бойынша 23 жобаны іске асыру басталды. Жезқазған, Балқаш, Қаражал, Абай қалаларында су бұру желілерді қайта құруға 80,1 км-лік 7 жоба іске асырылуда. 5 ауданда 10 жоба бойынша сумен жабдықтау желілерін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде. (Абай (сс.Жартас, Юбилейное), Жаңаарқа (с.Жұмажанова), Нұра (Киевка к.), Осакаровка (сс.Шокай, Осакаровка), Шет (Ағадыр, Төменгі Қайракты, Мойынты, С.Сейфуллина к.). Қарағанды қаласында жинақтаушы тоғаннан Университетская көшесіне дейін жаңа нөсерлі орталық құрылысы басталды.

3 жоба Жаңаарқа (Атасу к.) және Ұлытау (Ұлытау кентіндегі 2 жоба) аудандарында желілер мен канализация желілерін салу бойынша, 2 жоба Абай (Қарабас кентінде) ауданында және Приозерск қаласында қайта құру жұмыстары іске асырылып жатыр.

Сондай-ақ, Балқаш, Теміртау қалалары және Жаңаарқа ауданында 6 көппәтерлі үй жөнделді, Қарағанды және Теміртау қалаларындағы 4 тұрғын үйге лифт жабдықтары ауыстырылды, Қарағанды, Жезқазған, Саран, Сәтбаев, Теміртау, Шахтинск қалаларында 11 үйде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Дата cоздания: 20 Сәуір 2018 12:56
Дата редактирования: 15 Қыркүйек 2018 12:57
Телефон доверия:
41-17-10
Адрес местонахождения:
г.Караганда, ул. Алиханова 13