Перейти в мобильную версию: wap.econom-krg.gov.kz
Басты Кері байланыс Сайт картасы Нашар көретiндер үшiн

2018 жылға Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың қолданыстағы Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат

2018 жылға Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың қолданыстағы Кешенді жоспарын жүзеге асыру туралы ақпарат

 

Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған қолданыстағы Кешенді жоспарын іске асыру кезеңінде 100,4 млрд.теңге сомасына 41 іс-шара орындалды.

2018 жылға игерілген қаражат 10,7 млрд.теңгені құрады (республикалық бюджет – 7,1 млрд.теңге, жергілікті бюджет – 1,2 млрд.теңге, басқа да қаражаттар  –2,5 млн.теңге).

Республикалық бюджет қаражаты геологиялық барлау жұмыстарын жүргізуге, қирау аймағына түскен кенттердің тұрғындарын көшіру үшін Сәтбаев қаласындағы тұрғын үйлердің құрылысын аяқтауға, Жезқазған қаласының жылу және су құбыры желілерін қайта жаңартуға, Эсқұла су құбырының  құрылысын аяқтауға, Ұлытау ауылында орталық кәріз жүйесінің құрылысына және Жезқазған қаласында жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысына бағытталған.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Талап ауылында магистральды су құбыры, Жезқазған қаласында шаруашылық-ауыз су тазарту құрылыстары мен қалалық саябақ қайта жаңартылды; Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайы ғимаратына қосалқы құрылыс салу басталды; Сәтбаев қаласында индустриялық саябақ құру жалғасуда, сондай-ақ республикалық бюджет есебінен іске асырылатын жобаларға қоса қаржыландыру бөлінді.

Қазақмыс корпорациясымен Жезқазған ЖЭО жаңғыртуға және қайта жаңартуға, Сәтбаев қаласының №1 жылу станциясындағы жөндеу жұмыстарына; жеке қаражаттар - Ұлытау ауылында мал басын арттыруға және мал шаруашылығын дамыту үшін жем-шөп базасын құруға қаражат жұмсалды.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің хаттамалық тапсырмаларын орындау үшін 2018 жылы қирау аймағына түскен тұрғындардың қоныс аударуын аяқтау шеңберінде Сәтбаев қаласында 107 екі пәтерлі тұрғын үй және оларға апаратын инженерлік желілер (18,9 мың шаршы метр), 2 жатақхана (2,38 мың шаршы метр) салынды. 13,6 км су құбыры, 15,4 км кәріз желілері, 8,9 км жылумен қамтамасыз ету желілері салынды, 12 көшеде 120,0 мың шаршы метр асфальт төселді, кәріз желілерінің 3 қазандығы орнатылды, 10,2 мың метр қоршау орнатылды.

Сондай-ақ салынып жатқан №6 және №8 шағын аудандарға магистральдық жылу желісінің құрылысы аяқталды (18,5 км.құбыр жөнделді және 190 жылжымалы тіректер орнатылды).

Қазіргі уақытта экономика басқармасы облыстық басқармалармен бірлесе отырып, Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың Кешенді жоспарын өзектендіру бойынша жұмыс жүргізілді. Республикалық бюджеттік комиссия отырысының хаттамасымен  (2018 жылғы 24 желтоқсандағы № 29) Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2018-2022 жылдарға арналған Кешенді жоспары жобасының іс-шаралары қолдау тапты. Өзектендірілген Кешенді жоспардың жобасы 123 млрд.теңгеден асатын 64 іс-шараны қамтиды. Өзектендірілген Кешенді жоспар Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әрі қарай әлеуметтік-экономикалық дамыту үшін жаңа өндірістерді ашуға, жұмыс орындарының санын ұлғайтуға, инфрақұрылымды дамытуға мүмкіндік береді.

Осы бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

 

Дата cоздания: 23 Сәуір 2018 10:59
Дата редактирования: 06 Ақпан 2019 10:41
Телефон доверия:
41-17-10
Адрес местонахождения:
г.Караганда, ул. Алиханова 13