Перейти в мобильную версию: wap.econom-krg.gov.kz
Басты Кері байланыс Сайт картасы Нашар көретiндер үшiн

Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы

Қарағанды облысының 2020 жылғы қаңтар айындағы

әлеуметтік–экономикалық дамуының қорытындылары туралы

 

Ағымдағы жылдың қаңтар айында облыстың негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің келесі серпіні қалыптасты .

Жалпы өңірлік өнім көлемінің өсімі 6%-ға немесе 3 590,2 млрд.теңгеге қамтамасыз етілді (2019 жылдың 9 айының қорытындылары).

6 негізгі салалардың даму серпінің қамтитын қысқа мерзімді экономикалық индикатор (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, көлік, байланыс) 106,9%-ды құрады.

Өнеркәсіптік өнім 213,8 млрд. теңгеге немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 107,6% өндірілді. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 165 млрд. теңгені немесе өткен жылғы сәйкес кезеңге 109,4% құрады.

2020 жылы 842 жаңа жұмыс орындарын құрумен 194,6 млрд.теңге жалпы сомасына 6 жобаны іске қосу жоспарланады. 

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 10,2 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі 102,3%.

Ірі қара мал басы 2,7%-ға, жылқы басы 8,8%-ға ұлғайды. Сүт өндірісі 2,4%-ға, , ет 4%-ға өсті.

2020 жылдың қаңтар айында нақты көлем индексі 60,6% негізгі капиталға 29,1 млрд. теңге инвестиция құйылды.

Құрылыс жұмыстары 6,3 млрд. теңгеге орындалды, нақты көлем индексі 127,6%.

57,2 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2019 жылғы қаңтар деңгейіне 106,4%.

Өткен жылдың сәйкес кезеңіне 2%-ға өсумен 2020 жылдың 1 ақпанындағы жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 87 625 бірлікті құрады.

Ағымдағы жылдың 4 тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,4% құрады, орташа айлық еңбекақы 15,3%-ға артып (2018 ж. 4 тоқсанымен салыстырғанда) 189,5 мың теңге құрады.

Инфляция 100,7% денгейінде, оның ішінде азық-түлік тауарларына – 101,2%.

2020 жылдың 1 ақпанындағы жағдай бойынша облыс бюджеті 445,6 млрд. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджеттен субвенциялар, несиелер және трансферттер – 56,2%. Әлеуметтік мәселелерді шешуге 248,4 млрд. теңге бағытталды (55,8%), оның ішінде білім беруге – 175,2 млрд.теңге, денсаулық сақтауға – 10,9 млрд.теңге. 2020 жылдың қаңтар айында мемлекеттік бюджетке 24,9 млрд. теңге көлемінде кірістер түсті.

 

Дата cоздания: 27 Сәуір 2018 10:14
Дата редактирования: 19 Ақпан 2020 15:20
Телефон доверия:
41-17-10
Адрес местонахождения:
г.Караганда, ул. Алиханова 13

Қаржы министрлігінің жаңалықтар