Перейти в мобильную версию: wap.econom-krg.gov.kz
Басты Кері байланыс Сайт картасы Нашар көретiндер үшiн

Мемлекеттік және мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысы туралы ақпарат

2018 жылғы мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы барысы туралы ақпарат

 

2018 жылға Қарағанды облысы бойынша мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде 87,3 млрд. теңге сомасында қаражат қарастырылған. 2018 жылы 87,1 млрд. теңге игерілді немесе есептік кезеңнің жоспарына 99,8%.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы 29 жобаны іске асыруға 9,9 млрд.теңге қарастырылған. 100%-ға игерілді.

«Көлік инфрақұрылымын дамыту» -4,1 млрд.теңге, оның ішінде:

- 4 көпірді 0,8 млрд. теңге қайта жаңартуға (Бұқар Жырау және Қарқаралы аудандарындағы облыстық маңызы бар 3 көпір, Нұра ауданындағы аудандық маңызы бар 1 көпір);

- «Қарағанды-Саран-Шахтинск» автожолында Соқыр өзені бойындағы көпірді қайта жаңарту;

- «Қарағанды-Тоғызқұдық-Ботақара» автожолында Нұра өзені бойындағы көпірді қайта жаңарту;

- «Қарағанды-Аягөз-Қоянды-Егіндібұлақ-Бүркітті» автожолында Талды өзені бойындағы көпірді қайта жаңарту;

- «Изенді-Кенжарык-Соналы-Пикет» автожолында Құланөтпес өзені бойындағы көпірді қайта жаңарту;

- 3,3 млрд.теңге жолдарды орташа жөндеу бойынша 20 басым жобаны іске асыруға.

ТҮКШ инфрақұрылымын және сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту - 5,8 млрд.теңге Қарағанды (4) және Жезқазған (1) қалаларында жылумен жабдықтаудың 5 жобасын іске асыруға.

- Жезқазған қаласының жылу желілерін(1-кезек) қайта жаңарту және жаңғырту;

- №5 павильоннан М3 магистральдық жылу желісін қайта жаңарту (Пав. 4 Пав.5 дейінгі учаскесі.);

-№5 павильоннан М3 магистральдық жылу желісін қайта жаңарту (Пав. 3 Пав.4 дейінгі учаскесі.);

- УУ-2 магистральді жылу желісін ТК-55 ЮВ дейін қайта жаңарту;

- ТК12 бастап №7 НС дейін М1 жылу магистралін қайта жаңарту.

Автожол саласында 4 көпір қайта жаңартылып, 350 км жолға орташа жөндеу жүргізілді.

ТҮКШ саласында Қарағанды қаласында 4,5 км жылу желілері қайта жаңартылды.

Бұл шамамен 1,5 мың тұрғын үйді немесе 850 тұрғынды және 217 әлеуметтік мәдени-тұрмыстық нысанды сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

 

Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы.

2018 жылға Қарағанды облысында бойынша бағдарламаның негізгі көрсеткіштері орындалды.

Жалпы өңірлік өнімде облыстың өнеркәсіптік өндірістің үлесі 49,2% құрады, өңдеуші өнеркәсіпте – 32,3%, тау-кен өндірісі саласында – 12,8%.

2018 жылдың басынан өнеркәсіп өндірісінің көлемі 2566,8 млрд. теңгені, НКИ - 100,2% құрайды, соның ішінде өңдеуші өнеркәсіп саласында – 2004,1 млрд. теңге, НКИ – 98,9%.

Еңбек өнімділігі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,0%-ға өсті немесе 1 жұмыспен қамтылғанға 33,7 мың долларды құрады.

Өңдеуші өнеркәсіптің экспорт көлемі 6,4%-ға артты  (3698,5 млн. долл.). Өңдеуші өнеркәсіпте жұмыспен қамтылғандар саны – 90,0 мың адам, 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 0,3% құрайды.

2018 жылы облыстың негізгі капиталына 468,9 млрд.теңге инвестицияланды, оның ішінде өңдеу саласына – 127,9 млрд.теңге, өткен жылға қарағанда 21,7% өсіммен.

2010-2019 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті қолдау картасына 785,4 млрд. теңгеге 11598 жаңа жұмыс орындарын құрумен 103 жоба енгізілді, оның ішінде екінші бесжылдық 2015-2019 жылдар – 662,4 млрд.теңгеге 7002 жаңа жұмыс орнын құрумен 45 жоба.

292 млрд. теңге инвестиция сомасына 87 жоба жүзеге асырылды. Кәсіпорындарда 6903 жаңа жұмыс орындары құрылды.

Бірінші бесжылдықта (2010-2014 жж.) – 123 млрд. теңгеге 4596 жұмыс орны құрылуымен 58 жоба іске қосылды.

Екінші бесжылдықта (2015-2019 жж.) – 168,9 млрд.теңгеге 2307 жұмыс орны құрылуымен 29 жоба іске қосылған, оның ішінде 2015 жылы – 9 жоба, 2016 жылы – 9 жоба, 2017 жылы– 8 жоба, 2018 жылы – 3 жоба.

Картаның енгізілген жобаларымен 845,9 млрд.теңге сомасына өнеркәсіп өнімі өндірілді, оның ішінде 2018 жылы263,4 млрд. теңге құрайды.

2018 жылы жалпы сомасы 39,9 млрд. теңгеге 489 жұмыс орнын құрумен 3 жоба іске қосылды:

-Жобалық қуаты 11,9 мың тонна өнімді құрайтын «Maker» ЖШС «Машина жасау өндірісін жаңғырту» (сала - машина жасау). Жобаның құны 13,7 млрд. теңге, 99 жұмыс орны ашылды;

-Жобалық қуаты 6 мың тонна «Sary-Arka Copper Processing» ЖШС «Катодты мыс өндіру зауыт құрылысы» (сала-металлургия). Жобаның құны 14,1 млн.теңге, 350 жұмыс орны ашылды;

- жобалық қуаты жылына 2,3 млн. тонна кен, 2900 кг алтын (сала - негізгі асыл және түсті металдар өндірісі) «Алтыналмас АК» АҚ Пустынное алтын өндіру фабрикасының өнімділігін ұлғайту.

2018 жылы облыс кәсіпорындарының өндірісін жаңғырту және цифрландыруға шамамен 220 млрд. теңгеге инвестицияланды.

Бүгінгі таңда АЭА қатысушыларының мәртебесін 15 компания алған.

16,4 млрд. теңге инвестиция көлемімен, 668 жұмыс орнын құрумен 7 кәсіпорын жұмыс істейді. Жүзеге асырылу барысында – 8 жоба.

 «Білім беруді және ғылымды дамытудың» 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға, 2018 жылы 28,3 млрд.теңге бөлінді.

2018 жылы:

- Ақтоғай ауданы Сарышаған кентінде 464 орындық, Қарағанды қ. Орталық панелі ш.а. 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді.

228 білім беру нысаны жөнделді. Оған 6,3 млрд.теңге бөлінді. Бұл 2017 жылдан 1,8 млрд. теңгеге артық.

2018 жылы біз жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдарды ашу және МЖӘ дамыту есебінен (тек өткен жылы - 1 360 орынға 17) 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен 100% қамту бойынша Мемлекет басшысының тапсырмасын мерзімінен бұрын орындадық. Жастар заманауи сын-қатерлерге қарсы тұра алуы және еңбек нарығында сұранысқа ие болуы үшін 8 мың жас тегін кәсіптік біліммен қамтылған, оның 6 мыңы - жұмыс мамандықтары бойынша.

Орта мектептердің 47%-ында жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде оқыту элементтерін енгізу басталды. "Нұр Отан" партиясының бастамасымен 36 ауылдық мектепте волонтерлерді тарта отырып, ағылшын тілін оқыту бойынша клубтар құрылды.

Оқушылардың инженерлік және техникалық мамандықтарға қызығушылығын арттыру үшін ЅТЕАМ-оқыту енгізіледі. 209 робототехника сыныбы жұмыс істейді, 71 IT-сынып және 4 технопарк (Шахтинск, Балқаш, Қарағанды қалалары, Абай ауданының Топар кенті) ашылды, онда балалар жаңа технологиялар саласында қосымша білім алады.

Кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін биыл алғаш рет педагогикалық мамандықтар бойынша мақсатты даярлауға жергілікті бюджеттен 30 грантқа 6,9 млн.теңге бөлінді.

"Дипломмен - ауылға"бағдарламасы бойынша 203 педагог тұрғын үйге несие алды.

4.0 Индустрия жағдайында кәсіптік білім беру жүйесін жетілдіруге ерекше көңіл бөлінуде.

Колледждердің 60%-ы дуалды оқыту енгізілуде, колледждердің 21%-ы аккредиттеуден өтті.

WorldSkills халықаралық стандарттарына сәйкес 8 жетекші колледж базасында кәсіби дағдыларды дамыту бойынша құзыреттілік орталықтары құрылды, облыстағы ең көнелердің бірі Қарағанды жоғары политехникалық колледжі базасында - тау-кен өндіру саласына бағытталған, республикадағы бірінші өңіраралық салалық құзырет орталығы.

2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және "Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ-мен ынтымақтастық туралы меморандум аясында алғаш рет "Ұлы дала мұрагерлері" республикалық форумы өтті, оған Жезқазған, Сәтбаев, Қаражал қалаларының, Ұлытау, Жаңаарқа аудандарының, Қарағанды қаласының НЗМ оқушылары мен педагогтары қатысты.

Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде, 2018 жылға 3,2 млрд.теңге қарастырылған.

Халықты иммунизациялау, тегін медициналық көмектің кепілденген көлем аясында халықты дәрілік препараттармен қамтамасыз ету, заманауи ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, мінез-құлықтық тәуекел факторларын алдын алу бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізіледі, Ұлттық скринингтік бағдарламаны дамытуды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізіледі.

Облыстың емханаларында 37 әлеуметтік дәріхана жұмыс істейді.

Денсаулық сақтаудың 24 нысаны 1,6 млрд. теңгеге жөндеуден өткізілді. Соның ішінде - облыстық клиникалық аурухананың терапиялық ғимараты. Жезқазған қаласындағы аурухана қаласын қалпына келтіру жалғасуда.

Жаңаарқа ауданы Түгіскен ауылында ауылдық дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілді. Қарағанды қаласында екі ауылдық дәрігерлік амбулатория, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем қосалқы станциясының құрылысы жалғасуда.

Медициналық жабдықты сатып алуға 2,7 млрд. теңге бөлінді.

Диспансерлік есепте созылмалы аурулармен ауыратын науқастарға арналған тегін дәрі-дәрмектер үшін 2018 жылы 11,5 млрд. теңге бөлінді, бұл оларға 90% -дан астамын қамтамасыз етеді. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік механизмін (МЖӘ) пайдалану арқылы денсаулық сақтау ұйымдарының инфрақұрылымын жаңғырту жұмыс жүргізілді.
2018 жылы денсаулық сақтау саласында 3 млрд. теңгеден астам жеке инвестициялар тартылды.

«Тілдерді дамыту мен қолданудың» мемлекеттік бағдарламасы іске асыруға 82,8 млн. теңге бағытталды.

Есепті кезеңде 6 тілдерді оқыту орталықтары және 13 оқыту курстарында қазақ тілін - 2199 адам, ағылшын тілін - 1576 адам оқыды. 

Мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтау мақсатында 3087 адам «Қазтест» жүйесі бойынша тестпен қамтылды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша облыс бойынша құжат айналымындағы мемлекеттік тілдегі шығыс құжаттарының үлесі 89% құрады.

Есепті кезеңде жергілікті, облыстық және республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында: телеэфирде 161 материал берілді, баспа БАҚ – да 1240 тақырыптық мақала жарияланды, интернет – ресурстар мен әлеуметтік желілерде 610 интернет-мақала және постылар жарияланды.

Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға 14,1 млрд. теңге бағытталды.

2018 жылы өсімдік шаруашылығында ауыл шаруашылығы дақылдарының егістік ауданы 1245,4 мың гектар құрады, оның ішінде: дәнді дақылдар – 833,5 мың га (бидай – 626,5 мың га, арпа – 176,3 мың га, сұлы – 18,0 мың га, бұршақты – 12,8 мың га), майлы дақылдар – 17,1 мың га, картоп – 14,5 мың га, көкөністер – 2,9 мың гектар, мал азығы – 281,3 мың гектар.

Бидайдың егістік алқабы 2,8 мың гектарға ұлғайтылды, жемдік дақылдар (арпа, сұлы) – 37,7 мың гектарға, бұршақ дақылдары – 3,9 мың гектарға, майлы дақылдар – 2,0 мың гектарға.

Ылғал-ресурстық үнемдеу технологияларын қолдану ауданы  668,9 мың гектар құрады, бұл 2017 жылдан 11,5%-ға артық.

Мал шаруашылығының саласында мал шаруашылығы, сонымен бiрге мал-басы және құс өнiмi өндiрісінің өсу үрдiсі байқалады (ірі қара мал басы 5,4%-ға (553,8 мың бас), жылқы басы 10,4%-ға (309,7 мың бас), құс басы 3,9%-ға (3928,9 мың бас) артты. Ет өндірісі – 0,9%-ға (136,9 мың тонна), сүт – 5,0%-ға (489,1 мың тонна) артты).

Ет және сүт бағытындағы 94 ауыл шаруашылық кооперативтері, 903 отбасылық бордақылау алаңдары құрылды.

Ауыл шаруашылығына 14,0 млрд. теңге негізгі капиталға инвестициялар бағытталған немесе 2017 жылғы тиісті кезеңге 35,5%. 60,1 млн. АҚШ долларына 212,2 мың тонна ауыл шаруашылығы өнімдері экспортталған, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 8%-ға төмен.  

2018 жылы облыс бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласында 31,7 млрд.теңге сомасына, 804 жаңа жұмыс орнын құрумен 41 инвестициялық жобаны жүзеге асыру басталды. Оның ішінде 1 жоба кәсіпкерлікті қолдау Картасы шеңберінде, 2 жоба –«ҚазАгро» ҰБХ АҚ қаражатын пайдалана отырып, 1 жоба- шетелдік инвестордың қатысуымен, 37 жоба- индустрияландыру және кәсіпкерлікті қолдау картасынан тыс.

2018 жылдың қорытындысы бойынша 327 жаңа жұмыс орнын құрумен 4,8 млрд.теңге сомасына 12 жоба іске қосылды.

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға бағдарламасын» 2018 жылы іске асыру аясында 13,4 млрд.теңге қарастырылған.

"Екінші деңгейдегі" қалаларды дамытуды қамтамасыз ету мақсатында Қарағанды қаласында жылу-сумен жабдықтау жүйелерін салу және қайта жаңарту бойынша 8 жоба әзірленді.

Сонымен қатар, қаланың жаңа орталығында келесі жобаларды іске асыру басталды:

-ұзындығы 3,75 км астам жауын су коллекторын салу;

- М-10 жылу трассасының 3-желісінің құрылысы.

Өткен жылы жайлы өмір сүру ортасын құру мақсатында 6 үлкен скверлер, 15 шағын скверлер, 100 аула аумақтары абаттандырылды.

Тағы бір маңызды жоба орталық саябақтың батыс бөлігін абаттандыру болды, онда 140 заманауи жарықдиодты жарықтандыру тіректері орнатылды, 23 мың шаршы метрден астам тротуарлық плиталар салынды, 3 мың шаршы метрден астам шаңғы-роллер трассасы жайластырылды.

Моно-және шағын қалаларды дамыту мақсатында:

Сәтбаев қаласы бойынша құлау аймағына түскен тұрғындар үшін салынған 107 тұрғын үйге апаратын және кварталішілік инженерлік желілердің құрылысы аяқталды. 13,6 км су құбыры, 15,4 км кәріз желілері, 8,9 км жылумен жабдықтау желілері салынды, 120 мың шаршы метр асфальтбетонды жабындар салынды, 3 дана КСС қазаншұңқыры, 10,2 мың метр қоршау орнатылды. Жолдардың жүру бөлігін кеңейту бойынша жұмыстар аяқталды, 1 және 2 ықшамаудандарда көлік тұрақтары мен жол төсемдерін асфальттау жүргізілді;

Қаражал қаласында саябақты, алаңды абаттандыру жүргізілді, "Тәуелсіздік стелласы" естелік белгісі, жауынгер – интернационалистерді еске алуға арналған мемориалдық кешен, кіру аркасы орнатылды.;

облыстың моно - және шағын қалаларында көлік инфрақұрылымының жай-күйі жақсарды. 324 км автомобиль жолдарын жөндеу есебінен қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі (жоспардан 4,4% өсіммен 35% - ға дейін) артты. Кәріз, жылу, су құбыры желілерінің тозу деңгейі (тиісінше 79%, 54% және 68,8%) 24 км.кәріз, 7,4 км. жылу, 93,5 км. су құбыры желілерін қайта жаңарту және салу есебінен төмендеді.

"Дипломмен ауылға" жобасы бойынша бюджеттік кредиттер есебінен 815,8 млн.теңгеге 239 маман тұрғын үй сатып алды, 376 маман 63,3 млн. теңгеге көтерме жәрдемақы алды.

Жергілікті қоғамдастықтардың жиналыстары өзекті мәселелерді шешуге 103 ауылды қамтитын 111 жобаны іске асыруға 144,2 млн. теңге сомасында қаражат бағытталды. Бұл 15 мектеп, 18,7 км. кентішілік жолдарды жөндеу және 40 ауылдың 50 көшелерін жарықтандыру.

Жалпы, облыстың тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық мәселелерін шешу "Нұрлы Жол" бағдарламасы мен Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында жүргізілді.

193,6 км астам су құбыры желілері, 7,4 км.жылу, 38,18 км. кәріз желілері салынды және қайта жаңартылды.

2018 жылы қайтарымды қаражат есебінен жалпы сомасы 247,4 млн. теңгеге 20 КПТҮ жөнделді.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасын іске асыру аясында 2018 жылы 8,2 млрд. теңге бөлінді.

«Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз ету» еңбек нарығының қажеттілігін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау 700 адамды құрады; еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту - 3131 адам.

«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне 2071 адам оқытылды.

Бизнес-жобаларын жүзеге асыруға 1108 адамға шағын несие берілді. 

«Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару арқылы еңбек нарығын дамыту» бағыты бойынша 1031 әлеуметтік жұмыс орындары құрылды 1232 адам жастар тәжірибесіне жіберілді.

Ақпараттық жұмысқа – 12,7 млн. теңге игерілді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың Бірыңғай бағдарламасы аясында 2010 жылдан бастап 171,5 млрд.теңгеге 1576 жоба, соның ішінде 2018 жылы 11,0 млрд. теңгеге 172 жоба қолданды:

- кредит бойынша сыйақыны субсидиялауға (1 және 3 бағыттар) - 1101 жоба, оның ішінде 2018 жылы - 99;

-- кредиттерді ішінара кепілдендіру бойынша-233 жоба, оның ішінде 2018 жылы-54;

- жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізуге-66 жоба, оның ішінде 2018 жылы-5;

- гранттық қаржыландыру бойынша - 0,4 млрд.теңгеге 176 жоба.

Нәтижесі 73,7 мың жұмыс орнын сақтау және 21,4 мың жаңа жұмыс орнын құру болып табылады, оның ішінде 2018 жылы 4239 жұмыс орны сақталып, 2201 жаңа жұмыс орны құрылды.

"Нұрлы Жер" тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында кредиттік, жалға берілетін тұрғын үй құрылысы, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жайластыру қарастырылған.

2018 жылдың қорытындылары бойынша 416,7 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға енгізілген немесе 111,4 %,  2017 жылы (бұл-4135 пәтер).

Мемлекеттік инвестициялар есебінен 1749 пәтер салынды, бұл 2,3 есе көп.

 

Дата cоздания: 20 Сәуір 2018 13:01
Дата редактирования: 26 Ақпан 2019 12:30
Телефон доверия:
41-17-10
Адрес местонахождения:
г.Караганда, ул. Алиханова 13