Перейти в мобильную версию: wap.econom-krg.gov.kz
Басты Кері байланыс Сайт картасы Нашар көретiндер үшiн

Облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіру және пайдалануға беру

1.ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ

Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда.

2016-2020 жылдарға арналған жекешелендірудің Кешенді жоспарына сәйкес, 2018 жылы Жезқазған қаласының «Қалалық автокөлік жолдары басқармасы» КМК бәсекелес ортаға берілді.

Қарағанды облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2017 жылғы 25.09. шешімімен, 2013 жылы басталған кәсіпорынды оңалту рәсімі 2019 жылдың сәуіріне дейін ұзартылды.

2018 жылы 20.11.  әкімінің бірінші орынбасары А. Ж.Дүйсебаев бекіткен сату кестесіне сәйкес, кәсіпорынды жекешелендіру бойынша рәсімдер ағымдағы жылдың маусым айында жүзеге асырылады.

 

2. ОБЛЫСТЫҚ КОММУНАЛДЫҚ МҮЛІКТІ ЖАЛДАУҒА (ЖАЛҒА АЛУҒА) БЕРУ.

 

Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру ҚР «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №212 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағида) негізінде жүзеге асырылады.

Бос, пайдаланылмайтын үй-жайлар мен алаңдар туралы барлық ақпарат www. gosreestr. kz сайтында орналастырылған, электрондық сауда-саттыққа қатысуға ниет білдірушілердің барлығына тең қолжетімділікті береді.

2019 жылы 1.05. бойынша облыстық коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруден облыстық бюджетке түскен түсім 45,6 млн.теңгені және қолданыста  мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру шаттары 120 құрады.

 

Дата cоздания: 20 Сәуір 2018 11:43
Дата редактирования: 08 Мамыр 2019 12:57
Телефон доверия:
41-17-10
Адрес местонахождения:
г.Караганда, ул. Алиханова 13