Перейти в мобильную версию: wap.econom-krg.gov.kz
Басты Кері байланыс Сайт картасы Нашар көретiндер үшiн

Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Қарағанды облысы әкімдігінің

кейбір қаулыларының күші

жойылды деп тану туралы

 

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі, «Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі заңдарына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қарағанды облысы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын..

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасарына жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

         Қарағанды облысының әкімі                                                      Ж. Қасымбек

 

 

 

 

 

 

Орын.: А. Муканов

Тел. 50 75 75

 

 

 

Қарағанды облысы әкімдігінің

2020 жылғы ________

№ _______    қаулысына қосымша

 

Қарағанды облысы әкімдігінің күші жойылған кейбір қаулыларының тізбесі

 

1. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 27/04  «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет регламентiн бекiту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3298 болып тіркелген, 2015 жылғы 2 шілдедегі "Индустриальная Караганда"№ 94 (21845), 2015 жыл 2 шілдедегі  "Орталық Қазақстан" № 107-108 (21993) газеттерінде, 2015 жылғы 2 шілдедегі "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

2. Қарағанды облысы әкімдігінің 2015 жылғы 26 мамырдағы № 27/04  «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3972 тіркелген, 2016 жылғы 15 қазандағы «Индустриальная Караганда» № 134 (22 079), 2016 жыл 15 қазандағы «Орталық Қазақстан» № 170 (22 275)  газеттерінде, 2016 жылғы 19 қазандағы «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

3. Қарағанды облысы әкімдігінің 2018 жылғы 19 маусымдағы № 30/01  «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4863 тіркелген, электрондық түрде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2018 жыл 23 шілдеде жарияланған).

 

Дата cоздания: 11 Мамыр 2020 15:50
Дата редактирования: 11 Мамыр 2020 15:51
Телефон доверия:
41-17-10
Адрес местонахождения:
г.Караганда, ул. Алиханова 13

Қаржы министрлігінің жаңалықтар