Басты Кері байланыс Сайт картасы Нашар көретiндер үшiн

Басқарма туралы ереже

«Қарағанды облысының экономика басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қарағанды облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының басым  міндеттерін іске асыруға бағытталған стратегиялық, экономикалық            жоспарлау, мемлекеттік-жекешелік әріптестік және облыстық коммуналдық мүлікті басқару салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2.«Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік          мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің,  Қарағанды облысы әкімінің және әкімдігінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3.«Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік             мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды   тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен            мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары бар.
4. «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік            мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік  мекемесі, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса,             мемлекеттің атынан Азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
6. «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік              мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген            тәртіппен «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: M01G2C4, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Қазыбек би атындағы аудан, Әлиханов көшесі, 13            құрылыс.
9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
12. «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесіне «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау           тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге             тыйым салынады.
Егер «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік          бюджет кірісіне жіберіледі.

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
функциялары, құқықтары мен міндеттері

13. «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің миссиясы – облыстың мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын әзірлеу жөніндегі салааралық және           өңіраралық үйлестіруді, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуге және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының басым міндеттерін іске асыруға, облыстық коммуналдық мүлікті басқаруға бағытталған мемлекеттік жоспарлаудың біртұтас және тиімді жүйесін қалыптастыруды жүзеге асыру.
14. Міндеттері:
1) мына салаларда мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар жасау:
облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуын стратегиялық жоспарлау және негізгі басымдықтарын қалыптастыру;
өңірлік (қала, аудандар) даму;
2) облысты өңірлік дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыру;
3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік;
4) облыстық коммуналдық мүлікті басқару.
15. Функциялары:
1) стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды және Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы Жолдауларын ескере отырып, бесжылдық кезеңге арналған әлеуметтiк-экономикалық даму болжамын               жасау және Облыстың даму бағдарламасын жасау;
2) Облыстың даму бағдарламасын іске асыру бойынша Іс-шаралар жоспарын жасау;
3) Облыстың даму бағдарламасын іске асыру туралы Есеп                қалыптастыру және мониторингтеу;
4) мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар             жасау;
5) жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін бағалау шеңберінде Облыстың даму бағдарламасының стратегиялық мақсаттар мен міндеттеріне қол жеткізу және іске асыру бойынша қызметтің нәтижелілігі           мен тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдар мен ұсыныстарды іске асыру;
6) Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру, экономикалық           және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, Үкіметтің қаулылары мен шешімдерін, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды орындау  мақсатында әзірленген құжаттарды жүзеге асыру және мониторингтеу;
7) облыс экономикасының дамуына ықпал ететін сыртқы және ішкі факторларға талдау жүргізу;
8) Дүниежүзілік экономикалық форумың бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық индексінің индикаторларын жақсарту бойынша Іс-шаралар жоспарын орындау және мониторингтеу;
9) облыстың экономикалық өсімін қамтамасыз ету бойынша Іс-шаралар жоспарларын жасау, өзгерістер енгізу және іске асырылуын мониторингтеу;
10) 100 нақты қадам – Ұлт жоспарының Қарағанды облысы бойынша іс жүзінде іске асырылуы жөніндегі Іс-шаралар жоспарына мониторинг             жүргізу;
11) қалалар, аудандар әкімдерінің есеп беруі барысында айтылған халықтың ұсыныстары мен ескертулерін іске асыру жөніндегі іс-шаралардың орындалуын мониторингтеу;
12) азық-түлік, азық-түлік емес тауарларға және ақылы қызметтерге тұтыну бағаларының индексін талдау және ақпарат дайындау (облыс           бойынша, қалалар мен аудандар шегінде);
13) «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының орындалуы бойынша мониторинг жүргізу;
14) Жобалық басқаруды үйлестіру;
15) Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған кешенді жоспарының іске асырылуын мониторингтеу, өзектендіру, орталық мемлекеттік органдарға қорытындыларын ұсыну;
16) шағын және моноқалаларды дамыту бойынша іс-шаралардың іске асырылуын мониторингтеу;
17) облыс әкімдігі және ірі жүйе құрушы кәсіпорындармен арадағы           өзара ынтымақтастық туралы Меморандум қалыптастыру және орындалуын мониторингтеу;
18) тірек ауылдық елді мекендердің тізбесін айқындау, тірек ауылдық елді мекендердің тізбесін бекіту туралы жергілікті атқарушы органның қаулысының жобасын дайындау;
19) облыстың ауылдық елді мекендерінің әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және мониторингтеу, мониторинг қорытындыларын орталық мемлекеттік органдарға ұсыну;
20) «Дипломмен ауылға» жобасының іске асырылуын мониторингтеу;
21) облыс әкімінің жыл сайынғы негізгі нысаналы индикаторларға қол жеткізу жөніндегі Меморандумын қалыптастыру, талдау және              мониторингтеу;
22) облыстың, Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының ай сайынғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерін талдау;
23) облыс әкімдігінің отырыстарына жетекшілік ететін бағыттар       бойынша материалдар дайындау;
24) өз құзыреті шегінде коммуналдық мүлікті басқару саласында нормативтік құқықтық актілер жасау;
25) облыстық коммуналдық мүлікті басқару, оны қорғау бойынша шараларды жүзеге асыру;
26) ауданның коммуналдық мүлкін басқару саласында, олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жұмысын үйлестіру;
27) облыстық коммуналдық мүлікті облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекіту;
28) облыстық коммуналдық мүлікті есепке алуды ұйымдастыру, оны тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
29) мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінішісіне беру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
30) облыстық коммуналдық заңды тұлғаға берілген немесе              шаруашылық қызметінің нәтижесінде ол ие болған мүлікті коммуналдық  заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын органмен келісім бойынша  алып қоюды немесе қайта бөлуді жүзеге асыру;
31) облыстық коммуналдық заңды тұлғалардың жарғысын (ережесін), оған енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бекіту;
32) коммуналдық мүлікті жергілікті мемлекеттік басқарудың бір деңгейінен екіншісіне беру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
33) сыйға тарту шарты бойынша мемлекеттiң мүлiк құқығына ие болуы бойынша жұмысты ұйымдастыру;
34) коммуналдық мүліктің нысаналы және тиімді пайдалануына бақылауды жүзеге асыру;
35) мемлекеттік мүліктің нысаналы пайдаланылуын бақылау             нәтижелері бойынша анықталған, облыстық коммуналдық заңды               тұлғалардың артық, пайдаланбайтын не мақсатына сай пайдаланбаған               мүлкін, бақылауды жүзеге асырған кезден бастап алты ай өткен соң коммуналдық заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын органның келісімінсіз алып қоюды жүзеге асыру;
36) облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға алып қойылған мүлікті күтіп ұстау және оны кейіннен баланстан шығара отырып, өзге         тұлғаға бергенге дейін сақталуын қамтамасыз ету мерзімін белгілеу;
37) облыстық коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (ол өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе           оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар мен өкілдіктер құруға келісім беру;
38) облыстық коммуналдық кәсіпорындардың, облыс әкімдігі            қатысатын акционерлік қоғамдардың және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жұмыс істеуі мен оларды басқару тиімділігінің            мониторингін ұйымдастыруды және жүргізуді жүзеге асыру;
39) жергілікті бюджеттердің есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелердің мүлкін есептен шығаруды келісу;
40) облыстық коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беруге талдау жүргізу;
41) «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес облыстық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша            сауда-саттықтар, сенімгерлік басқаруға беру бойынша тендерлер, жекешелендіруге жататын мүліктің нарықтық құнына бағалау жүргізу            туралы хабарламаны жариялау үшін мерзімді баспа басылымын айқындау жөнінде конкурстар өткізуді ұйымдастыру;
42) облыстық коммуналдық мүлікті, сондай-ақ мүліктік кешендер  ретінде кәсіпорындарды жекешелендіруді жүзеге асыру, соның ішінде жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тарта отырып, жекешелендіру объектісіне бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындау мен жасасуды және сатып           алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
43) облыстық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз, кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға, мүліктік жалдауға (жалға алуға) немесе өтеусіз негізде шағын кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне кейіннен беру құқығымен ұсыну;
44) сенімгерлікпен басқарушының облыстық коммуналдық мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша міндеттемелерінің орындалуына бақылауды жүзеге асыру;
45) іске асырылуы жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін қалыптастыру;
46) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарына мониторинг жүргізу және жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын іске асыру;
47) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау жөніндегі заңды тұлғаны айқындау туралы ұсыныстар енгізу;
48) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жасалған мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарының тізілімін жүргізу;
49) мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары негізінде құрылған объектілерді коммуналдық меншікке қабылдау;
50) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын мониторингтеу бойынша жинақтау есебін уәкілетті орталық мемлекеттік органға жіберу;
51) жетекшілік ететін салада цифрлық технологияларды дамыту,
52) «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығын арттыру үшін жағдайлар жасау;
53) жетекшілік ететін салаларда басқарма бойынша жинақталған ашық деректерді ашық Үкіметтің интернет-порталдарында және «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ресми           интернет-ресурсында орналастыру және өзектендірілуін қамтамасыз ету; 
54) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асыру.
16. Құқықтары мен міндеттері:
1) облыс әкіміне, әкімдігіне өңірлік әлеуметтік-экономикалық            саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар енгізу;
2) облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының келісімі бойынша            өз құзыреті шегінде ақпараттық-талдамалық материалдарды мемлекеттік органдарға ұсыну;
3) өз құзыреті шегінде облыс әкімінің, әкімдігінің нормативтік-            құқықтық және құқықтық актілерінің жобаларын жасау;
4) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардан, мемлекет қатысатын заңды тұлғалардан және басқа да ұйымдар мен жеке тұлғалардан қажетті ақпараттар мен құжаттарды сұрау және алу;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де құқықтар мен міндеттер.

3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

17. «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты бірінші басшы жүзеге                асырады.
18. «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына  сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
19. «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын                орынбасарлары болады.
20. «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттіктері:
1) «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік             мекемесі бөлімдерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;
2) заңнамаға сәйкес «Қарағанды облысының экономика басқармасы»  мемлекеттік  мекемесінің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтерінен босатады;
3) «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылданбағаны  үшін дербес жауапкершілікте болады;
4) заңнамамен белгіленген тәртіпте «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза белгілейді;
5) «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
6) «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік           мекемесі атынан мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда өкілдік            етеді;
7) облыс әкімінің тапсырмаларына және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
«Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін                              қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

22. «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлікке ие бола алады.
«Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік    мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздерден қалыпастырылады.
23. «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесінің өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті, егер заңнамада            өзгеше көзделмесе, өз бетімен иеліктен шығаруына немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуіне құқығы жоқ.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

25. «Қарағанды облысының экономика басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Дата cоздания: 17 Сәуір 2018 11:54
Дата редактирования: 03 Қыркүйек 2018 10:52