Перейти в мобильную версию: wap.econom-krg.gov.kz
Басты Кері байланыс Сайт картасы Нашар көретiндер үшiн

Қарағанды облысының экономика басқармасы басшысының есебі

2018 жыл бойынша  Қарағанды облысының экономика басқармасы басшысының есебі

Азаматтардың әл-ауқаты – даму басымдығы

 

Өткен жылы Қарағанды облысы экономика басқармасының жұмысы «Қазақстан – 2050» даму Стратегиясында, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері», «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауларында, Ұлт жоспарының Бес институционалды реформасы – «100 нақты қадамда» белгіленген міндеттерді шешуге бағытталды. Басымдықты иеленген құжаттарда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің оң сипатта өсу қарқынын қамтамасыз етті. Облыстың қысқа мерзімді экономикалық даму индикаторы 102,4% құрады. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2018 жылдың 9 айында 3 трлн. 162 млрд.теңгені құрады, облыс экономикасының 4,7% өсуі қамтамасыз етілді. Жан басына шаққандағы ЖӨӨ – 2 млн. 292 мың теңге. 2018 жылы экономиканың барлық базалық салаларында оң серпін қамтамасыз етілді. Өнеркәсіптік өндірістің көлемі – 0,2%-ға, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 6,2%-ға, құрылыс жұмыстарының көлемі – 19,8%-ға, сауда қызметтері – 7,9%-ға, көлік қызметтері – 9,5%-ға өсті. Өткен жылмен салыстырғанда 11,4%-ға өсу көрсеткішімен 416 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Негізгі капиталға 20,6%-ға өсумен 469,8 млрд. теңге инвестицияланды. Әлеуметтік сала көрсеткіштерінің оң серпіні қамтамасыз етілді. Орташа айлық жалақы 12,4%-ға өсіп, 146 324 теңгені құрады. 2018 жыл бойында еңбек нарығының көрсеткіштері тұрақты болды, жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрады. Инфляция жылдың басынан (2018 жылдың желтоқсаны – 2017 жылдың желтоқсанына) 105,1% құрады, бұл өткен жылғы көрсеткіштен 1,8 п.т. төмен. Азық-түлік тауарларына тұтынушылар бағасының индексі 105% құрады, азық түлік емес тауарларға – 106,3%, ақылы қызметтерге – 104,0%. Жоспарланған құндылықтарды анықтау және Премьер-Министр мен облыс әкімінің арасындағы меморандумға енгізілген мақсатты индикаторларды іске асыру мониторингі бойынша жұмыс жалғастырылды. Жобаны басқару шеңберінде аймаққа әкелінетін нысаналы көрсеткіштердің мониторингі 11 бағыт бойынша жүргізілді, сондай-ақ, бастамалардың егжей-тегжейлі жоспарларының жүзеге асырылуы ұйымдастырылды. Бұл жұмыс биылғы жылы да жалғасады. Бұдан басқа, ағымдағы жылдың басынан бастап «Басқарылатын урбанизация», сондай-ақ, «Шикізаттық емес экспортты ұлғайту үшін жағдай жасау» бағыттары бойынша жұмыстар іске асырыла бастады. Жүзеге асырылатын жобалар сапалы инфрақұрылымды жасақтауға және тұрмыс жағдайын жақсартуға, сонымен қатар, өңір тұрғындарын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталатын болады. 2018 жылы Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы аясында Сәтбаев қаласының дамуына 2,7 млрд. теңге жіберілді. Құрылыс аймағында тұрғындар үшін салынған көп пәтерлі тұрғын үйлерге инженерлік желілер мен магистральды жылу желісін жеткізу мақсатындағы құрылыс жұмыстары аяқталды. Апат аймағында тұрған тұрғындар үшін салынған көп пәтерлі тұрғын үйлерге инженерлік желілер мен магистральдық жылу желілерін тарту құрылыстары аяқталды. Жергілікті қауымдастықтар кездесулерінің шешімдері бойынша «Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылай қолдау» бағытындағы 111 жобаны жүзеге асыруға 144 млн. теңге бағытталды. Бұл – 15 мектептің, 18,7 шақырым ішкі жолдардың жөнделуі мен 5 кент, 35 ауыл, 50 көшені жарықтандыру жұмыстары. 103 ауыл қамтылды. «Дипломмен ауылға» жобасы шеңберінде: – бірыңғай көтерме жәрдемақы: 376 маманға 63,3 млн. теңге бөлінді. Бұл – 257 білім саласы, 88 денсаулық сақтау, 9 мәдениет, 9 спорт, 13 агроөнеркәсіп кешені мамандарына; – тұрғын үйді сатып алуға арналған бюджеттік несиелер: 239 маманға 815,8 млн. теңге сомасында берілді, оның ішінде: 160 білім беру, 57 денсаулық, 9 мәдениет, 4 спорт, 9 агроөнеркәсіптік кешені. 2019 жылға осы бағыт бойынша 209 маманға 791,6 млн.теңге қарастырылған. Экономика басқармасы мен облыстық басқармалар арасында Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарының өзектендірілуі бойынша жұмыстар жүргізілді. 2018 жылғы 24 желтоқсандағы №29 Республикалық бюджеттік комиссия отырысының хаттамасымен 2018-2022 жылдарға арналған Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданының әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының өзектендірілген жобалық іс-шаралары қолдау тапты. Өзектендірілген Кешенді жоспардың жобасы 123 млрд. теңге сомасынан асатын 64 іс-шараны қамтиды. Облыста мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетіктерін пайдалана отырып, жобаларды іске асыру белсенді жалғасуда. 2018 жылы барлығы 2,4 млрд. теңгеге 11 шарт жасалды, оның ішінде, білім беру саласында – 5, денсаулық сақтау саласында – 6. 2019 жылы 26,3 млрд. теңгеге 36 жобаны іске асыру жоспарлануда. Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру жалғасуда. Бәсекелі ортаға 1,4 млрд. теңге сомасындағы 2 ұйым берілді, жергілікті бюджеттегі түсімдер 434,9 млн. теңгені құрады. Жоюға – 1 ұйым. Жезқазған қаласының «Қалалық автомобиль жолдары басқармасы» КМК бойынша оңалту рәсімдері 2019 жылдың сәуіріне дейін ұзартылған, мақсатты шаралар ағымдағы жылы жүзеге асырылады. 2019 жылы басымдық сипаттағы бағдарламалық құжаттарда белгіленген міндеттерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық саясатының бағыттарын іске асыру жөніндегі жұмыс жалғасатын болады. Негізгі бағыттар ретінде: - өңірлер мен салалар бөлінісінде индикаторлар көрсеткіштерінің декомпозициясымен мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу және өзектендіру; – бағдарламалық құжаттарда анықталған, облыс қабылдаған міндеттемелердің мониторингі; – мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалардың тиімділігін арттыру және қойылған мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында олардың іске асырылуын талдауды жалғастыру; – олардың өзектілігін ескере отырып, облыстық деңгейде жобалық басқарудың бағыттары мен бастамаларын іске асыру мониторингі. Жұмыс 13 бағыт бойынша жүзеге асырылатын болады: жаппай кәсіпкерлік және сауда, инвестициялар, жұмыспен қамту, цифрландыру, денсаулық сақтау, білім беру, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, көлік және логистика, базалық индустрияландыру, туризм, басқарылатын қалалық, сондай-ақ, шикізаттық емес экспорт көлемін ұлғайту үшін жағдай жасау; – мемлекеттік-жекеменшік әріптестікті дамыту, сондай-ақ, басқармалардың жетекшілік ететін бағыттары бойынша өңірлердің бастамаларын қолдау. Ағымдағы жылы спорт, тілдерді дамыту, құрылыс, ақпараттандыру, тұрғын үйкоммуналдық шаруашылығы сияқты салаларда МЖӘ тетіктерін қолдану аясын кеңейту жоспарлануда; – Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған Кешенді жоспарын орындау. Ағымдағы жылы жекешелендірудің барлық рәсімдерін аяқтау жоспарланып отыр, осыған байланысты жоспардың 100% орындалуын қамтамасыз ету; – әкімшілік шығыстарды төмендету мақсатында ведомстволық бағынысты ұйымдарды шоғырландыруды және оңтайландыруды жүргізу. Облыс бойынша 74 ұйымның тізбесі анықталды, 42 бюджеттік ұйымды қысқарту есебінен біріктіру жолымен қайта ұйымдастыру ұсынылған. Ақша қаражатын босату 347,2 млн. теңгені құрайды. Жалпы, 2019 жылы өнеркәсіп көлемін – 5%-ға, ауыл шаруашылығын – 8%-ға, құрылысты – 6%-ға, көлік қызметін – 4,8%-ға, сауданы – 2,3%-ға ұлғайту есебінен 2018 жылдың қол жеткізілген деңгейіне қарағанда облыс экономикасын кемінде 5,2%-ға өсіруді қамтамасыз ету жоспарлануда. Алдағы перспективалық міндеттер анықталды. Оларды орындау бағытындағы жұмыстар жалғастырылатын болады.

 

Ораз Тәуірбеков,

Қарағанды облысы экономика

басқармасының басшысы

 

Дата cоздания: 29 Қаңтар 2019 13:01
Дата редактирования: 29 Қаңтар 2019 13:01
Телефон доверия:
41-17-10
Адрес местонахождения:
г.Караганда, ул. Алиханова 13