Перейти в мобильную версию: wap.econom-krg.gov.kz
Басты Кері байланыс Сайт картасы Нашар көретiндер үшiн

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру туралы ақпарат

Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын Қарағанды облысында 2019 жылдың 9 ай бойынша жүзеге асыру туралы ақпарат

 

Инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы аясында 2019 жылы автомобиль жолдары және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларында 15,2 млрд. теңгеге 26 жоба жүзеге асырылуда.

Олардан 9 айда 11,1 млрд. теңге немесе жоспарға 100% игерілді.

«Көлік инфрақұрылымын дамыту» бағыты бойынша 2019 жылы 10,2 млрд. теңгеге (22 жоба) 362 км жергілікті маңызы бар жолдарды орташа және күрделі жөндеу, сондай-ақ 17 км жолды және бір көпірді қайта құру жүргізілуде. Есепті күнге 6,8 млрд.теңге немесе жоспарға 100% игерілді.

Нәтижесінде облыстың көлік инфрақұрылымы жақсарады және көлік құралдарының қауіпсіз өтуі қалпына келтіріледі.

«ТҮКШ инфрақұрылымын жаңғырту» бағыты бойынша жылу магистральдарын қайта құруға 2019 жылы 5 млрд. теңге бөлінді. Олардан 9 айда 4,3 млрд. теңге немесе жоспарға 100% игерілді.

Қарағанды қ. 3 жоба бойынша жұмыстар аяқталды, 2,2 км жылу желілері қайта құрылды, сомасы 3,9 млрд. теңге қаражат толық көлемде игерілді.

Жезқазған қ. жоба бойынша жұмыстар жалғасуда, жұмыстардың аяқталу мерзімі – ағымдағы жылдың желтоқсаны. Жоба өтпелі болып табылады.

Осы жобаларды іске асыру 5 000-нан астам көп қабатты тұрғын үйлерді (403 тысячи человек населения) және 272 әлеуметтік мәдени тұрмыстық нысандарды сапалы жылумен қамтамасыз етеді.

 

Дата cоздания: 26 Ақпан 2019 12:30
Дата редактирования: 24 Қазан 2019 12:38
Телефон доверия:
41-17-10
Адрес местонахождения:
г.Караганда, ул. Алиханова 13