Басты Кері байланыс Сайт картасы Нашар көретiндер үшiн

Жаңалықтар

17.09.2018
2018 жылы 14 қыркүйекте бюджет және қаржы бойынша тұрақты комиссияның отырысында «Қарағанды облысында іске асырылып жатқан мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асыру барысы туралы» мәселе қарастырылған.

2018 жылы 14 қыркүйекте бюджет және қаржы бойынша  тұрақты комиссияның отырысында «Қарағанды облысында іске асырылып жатқан мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асыру барысы туралы» мәселе қарастырылған.

Комиссия отырысында Басқарма басшының «Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту бойынша  алдағы мерзімге жоспарлары туралы және атқарылған жұмыстар, ағымадғы жағдай туралы», және де МЖӘ-нің жасалған шарттарын іске асыру бойынша салалық басқармалардың есебі тыңдалды.

2017 жылдан бастап Қарағанды облысы бойынша іске асыруға жоспарланған МЖӘ жобаларының тізбесіне 36 МЖӘ жобасы кірді, оның ішінде:

-        28 бойынша шарттар жасалған;

-        4 жобаның МЖӘ шарттары келісу барысында;

-        2 жобаның конкурстық құжаттамаларын әзірлеу барысында;

-        1 жобанының іске асырылуы жеке әріптестің бастамасымен тоқтатылды.

62 жобаны құрайтын пул құрастырылды, оның ішінде салалар бойынша:

-        Әлеуметтік сала – 37 жоба;

-        Нақты сектор – 18 жоба;

-        Цифровизациялау – 2 жоба;

-        Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау – 5 жоба.

Көрсетілген пулдан  жақын арада 12 жобаны іске асыру жоспарлануда (білім беру (2), денсаулық сақтау (2), спорт (4), тілдерді дамыту (1), цифровизация (1), құрылыс (1), тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық (1).

          Жоспарладың барлық рәсімдер аяқталғаннан кейін, көрсетілген МЖӘ жобаларының тізбесін қарау және бекіту үшін Қарағанды облыстық маслихаттың сессиясына енгізілетін болады


Вернуться назад