Перейти в мобильную версию: wap.econom-krg.gov.kz
Басты Кері байланыс Сайт картасы Нашар көретiндер үшiн

Республика жаңалықтары

15 Ақпан 2019 17:51
«Ақорда» резиденциясында өткен кездесуге ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті мен Қазақстандық әуесқой бокс федерациясының президенті Тимур Құлыбаев, Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің жаңа төрағасы Серік Сәпиев, жақында ғана АҚШ өткен фристайл-могулдан Әлем чемпионатының жеңімпазы, ҚР еңбегі сіңген спорт шебері Юлия Галышева, кәсіпқой бокста жұлдызы жанып келе жатқан боксшы Садриддин Ахмедов, мәнерлеп сырғанаудан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Элизабет Тұрсынбаева, шаңғымен трамплиннен секіру спортынан халықаралық дәрежедегі спорт шебері Сергей Ткаченко қатысты.
13 Ақпан 2019 20:39
«Жер планетасындағы кедейлердің 50 пайызының экономикалық активтері 1 пайызға да жетпейді. Қазіргі таңда әлемде бауырмалдық пен сыйластық жоғалған. Мысалы, тілдік дискриминация, жынысына, жасына, ұлты мен нәсіліне, дініне қарай кемсітушілік белең алып барады», - дейді Гетербор университетінің «Ғаламдық зерттеулер мектебі» жетекшісі.
07 Ақпан 2019 20:57
«Жастардың 51 пайызының кәсіпкерлікпен айналысуға құлқы жоқ... Елімізде туризмді дамытып, оған жастарды көптеп тарту қажет... Жоғары оқу орындарында туризм және қонақ үй факультеттері ашылуы тиіс... Еріктілер қозғалысын жандандырып, жастарды жергілікті жердегі жұмыстарға тарту керек...» Қасым-Жомарт Тоқаевтың баяндамасынан алынған маңызды тіркестер мұнымен шектелмейді. Сенат қабырғасында өткен дөңгелек үстелге қоғамдық даму, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, білім және ғылым, ақпарат және коммуникациялар, денсаулық сақтау, ішкі істер министрліктерінің, Астана және Алматы қалаларының, бірқатар облыстардың басшылары мен жастар ұйымдарының көшбасшылары қатысты.
01 Ақпан 2019 16:29
Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Үкіметтің сәрсенбі күні өткен кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды жүзеге асыруға байланысты жиын өткізді. Оған мемлекеттік органдардың, коммуналды кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың басшылары қатысты.
01 Ақпан 2019 12:18
Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент Сенатының отырысында бірқатар тұжырымдамалар ратификацияланып, депутаттық сауалдар жолданды. Сенат депутаттары елдегі шешімін таппай отырған мәселелер бойынша өз ұсыныстарын Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевқа сауал ретінде жеткізді. Сенат отырысында көтерілген мәселелер туралы толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
31 Қаңтар 2019 15:48
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Жамбыл облысының жастарымен кездесудегі басты мақсаты Жастар жылының ашылуындағы Мемлекет басшысының жастарға көрсеткен қолдауы туралы болды.
31 Қаңтар 2019 12:20
Түркістан облысы - қарқынды дамып жатқан өңірлердің бірі. Аймақта жаңа өнеркәсіп орындары ашылып, туризм және жұмыспен қамту салалары қарқынды дамып жатыр. Мәселен, Түркістан облысының Сарыағаш ауданында 42 гектар жерде қуаттылығы 20 МВт құрайтын күн электр стансасының құрылысы аяқталуға жақын. Өңірде осы сынды жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
30 Қаңтар 2019 16:22
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында барлық министрлер мен әкімдер 2018 жылдың қорытындысы бойынша баяндама жасады. Барлық есеп тыңдалған соң Елбасы Үкіметке бірқатар тапсырмалар жүктеді. Үкіметке нақты қандай тапсырмалар жүктелгені туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
30 Қаңтар 2019 12:42
Астанада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкіметің кеңейтілген отырысында 2018 жылдың әлеуметтік-экономикалық қорытындылары мен биылғы жылға нақты жоспарлар анықталды. Бүгінгі жиынға Үкімет мүшелері, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен министрліктер басшылары қатысты. Атқарылған жұмыстың қорытындысы мен нақты жоспарлар қандай болатыны туралы келесі материалдан оқи аласыздар.