Перейти в мобильную версию: wap.econom-krg.gov.kz
Басты Кері байланыс Сайт картасы Нашар көретiндер үшiн

Түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша Қарағанды облысы әкімдігінің Меморандумын орындау қорытындысы туралы талдамалық жазба

  1. «Жалпы өңірлік өнім көлемінің нақты көлем индексі, %» түйінді нысаналы индикаторы».

2018 жылға арналған бекітілген Меморандумға сәйкес осы индикатор бойынша жылдық мән 103% құрайды.

2018 жыл қорытындылары бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 102,4% деңгейінде құрылды, бұл Меморандумның жоспарлы көрсеткіші деңгейінен төмен (103,0%).

Серпіннің төмендеуі жалпы өңірлік өнім құрылымында басым 49,2% (2018 ж. 9 ай) бөлігін алатын өнеркәсіптік өнімдер көлемінің өндіріс қарқындары 2017 жылғы 105,5%-дан 2018 жылы 100,2%-ға дейін азаюына байланысты.   

Өнеркәсіпте қарқынның төмендеуі «Арселор Миттал Темиртау» АҚ-да апат салдарынан қара металлургия өнімдері өндірісінің 13,4%-ға қысқаруына байланысты. Өңдеу өнеркәсібінде нақты көлем индексі 98,9% деңгейнде қалыптасты (2017 ж. – 103,4%).

ЖӨӨ 6 базалық салаларының үлес салмағы 75,2% құрайды (өнеркәсіп – 49,2%, ауыл шаруашылығы – 3,2%, құрылыс – 3,2%, сауда – 12,2%, көлік – 6,9%, байланыс – 0,6%).

Жалпы, экономиканың барлық базалық салаларында оң серпінге қол жеткізілді.

Тауар өндіруде өнеркәсіптің 0,2%-ға, ауыл шаруашылығының 6,2%-ға, құрылыстың 19,8%-ға өсуі қамтамасыз етілді.

Қызметтер саласында көлік қызметтері 9,5%-ға (жүк айналымы 0,1%-ға, жолаушылар айналымы 4,6%-ға), сауда 7,9%-ға артты.

Фармацевтикада 43,1%-ға, машина жасауда - 34,9%-ға, азық-түлік өндірісінде - 2,9%-ға, басқа металдық емес минералды өнімдерде - 2,6%-ға, түсті металлургияда – 0,1%-ға өсу байқалды.

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор бойынша есепті кезеңге мониторинг (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс) өткізілді, өйткені жалпы өңірлік өнім бойынша есепті деректер ҰЭМ 2018 жылғы 12 қыркүйектегі бұйрығымен бекітілген 2019 жылға арналған статистикалық жұмыстар Жоспарына сәйкес есептік кезеңнен кейін 100-ші күні қалыптасады.

Анықтама: 1 тоқсан бойынша – 2018 ж. 11 шілде, 1 жартыжылдық бойынша  - 2018 ж. 10 қазан, 9 ай бойынша – 2018 ж. 31 желтоқсан, 2018 жыл бойынша – 30 сәуір, 22 тамыз 2018 ж.

Бұл ретте, 2018 жылғы қаңтар-қыркүйекте жалпы өңірлік өнім көлемі – 3162,4 млрд. теңгені құрады, бұл 2017 жылғы деңгейге қарағанда 4,7% жоғары.

Қысқа мерзімді экономикалық индикаторға 102,4% деңгейінде  қол жеткізілді.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілмеді.

 

  1.  «Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсуі, %» түйінді нысаналы индикаторы.

2018 жылға арналған мақсатты мән 104,2% құрайды.

2018 жылы көрсеткіш бойынша нақты орындалуы 112,4% немесе жоспарланған мақсаттың 107,9% құрады.

Өсім салықтық және салықтық емес түсімдердің 16,7 млрд.теңгеге (2018 жылы іс жүзінде 151,2 млрд. теңге немесе жоспарға 104,9% түсті) ұлғаюы, облыстың ірі кәсіпорындары бойынша жалақы қорының ұлғаюы, мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар түсімдері есебінен қамтамасыз етілді.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілді.

 

 

  1. «Шикізат емес экспорттың көлемінің өсуі, %» түйінді нысаналы индикаторы.

2018 жылға жоспарланған «Шикізаттық емес экспорт көлемінің өсімі» негізгі нысаналы индикаторының мәні 115,0 % құрайды.  

Алдын ала деректер бойынша 2018 жылы шикізат емес экспорттың көлемінің өсуі 101,1% деңгейінде күтіледі. ҚР ЭҰМ Статистика комитетімен статистикалық есептілік ұсыну мерзімдеріне сәйкес 2018 жылдың қорытындылары бойынша есептік деректер 2019 жылдың 1 сәуіріне дейін құрастырылады.

АрселорМиттал Теміртауда апатқа байланысты жоспарлы көрсеткішке қол жеткізбеу күтіледі, апат салдары 50 тәулік бойы жойылды. Болат өндірісінің көлемі 740 мың тоннаға төмендеді, бұл шамамен 140 млрд.теңге.

2019 жылдың 11 айының қорытындылары бойынша шикізаттық емес экспорт көлемі 106,4% құрады.

Өсім «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС-де мыс экспортының құндық көлемінің 10,6%-ға артуымен қамтамасыз етілген.

Сонымен қатар, облыста химия өнеркәсібінің (карбид, металлургиялық кремний және басқа), жеңіл өнеркәсіп (жұмыс киімі мен басқалар), құрылыс индустриясы өнімдерін (пластмастан құбырлар және фитингілер, қож-мақта және басқа), машина жасау (кабель-сым және и телекоммуникация өнімдері және басқа) өнімдерін экспортқа шығарады.

Өңірдің экспорттық әлеуетін және сыртқы сауда теңгерімін жақсарту үшін облыс әкімдігімен жүйелі негізде экспортқа бағдарланған кәсіпорындарды қолдауға бағытталған түрлі іс-шаралар кешені өткізіледі.

Облыста «Экспортная страховая компания «KazakhExport» АҚ-мен және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-мен бірлесіп экспортты мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру бойынша өңірдің 150-ден астам кәсіпорын өкілдерінің қатысуымен семинар-мәжіліс өтті.

2018 жылы облыстың 5 кәсіпорны АО «Экспортная страховая компания «KazakhExport» АҚ арқылы келесі экспортты қолдау шараларын алды:

1) «ТЭМК» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ – экспорттық құжаттамалық аккредитивтерді сақтандыру;

2) «Ак Орда Capital» ЖШС – қарызды сақтандыру және экспорт несиесін сақтандыру;

3) «EXPO FOOD» ЖШС – экспорт несиесін сақтандыру;

4) «Евразиан Фудс» АҚ - экспорт несиесін сақтандыру

Қойылған мақсатқа қол жеткізілмеді.

 

  1. «Негізгі капиталға инвестициялардың атаулы өсуі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда), %» түйінді нысаналы индикаторы.

2018 жылға жоспарлы мәні105,1% құрайды.

2018 жылы осы көрсеткіш бойынша нақты орындалу 136,3% немесе өсім жоспарланған мақсаттан 129,7 пайыздық тармақты құрайды.

Көрсеткіш өндірісті жаңғыртуға кәсіпорындармен жасалған салымдары есебінен орындалды: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС, «Шұбаркөл көмір» АҚ, «Шұбаркөл Премиум» ЖШС, «Нова Цинк» ЖШС, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен: «КЭС «Сарань» ЖШС, «Sary-Arka Copper Processing» ЖШС, «Жайрем ТКБК» АҚ, «АлтынАлмас» АҚ, БК «Алайгыр» ЖШС, «Стил Мануфактуринг» ЖШС, «КПМ-Дельта» ЖШС, «Forever Fourshing Co. Ltd.» ЖШС, «Maker»ЖШС.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілді.

 

  1. «Шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығарылымының нақты көлем индексі, түйінді нысаналы индикаторы».

«Шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығарылымының нақты көлем индексі» индикаторы бойынша 2018 жылға жылдық мәні 100,2% деңгейінде жоспарланған.

Алдын ала деректер бойынша көрсеткіш бойынша орындау 122% немесе жоспарланған мақсаттан 121,8% күтіледі.

2018 жыл бойынша түйінді нысаналы индикаторды орындау бойынша жедел деректер Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика бойынша комитетімен 2019 жылдың сәуір айында ұсынылады, нақтыланған – 2019 ж. қыркүйегінде.

2018 жылдың 9 айының қорытындылары бойынша шағын және орта бизнес субъектілерімен өндірілген өнім көлемінің нақты көлем индексі 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 121,4% құрады. ШОБ субъектілерімен өндірілген өнім және қызмет көлемі 2018 жылдың қаңтар-қыркүйегінде 884,7 млрд.теңге құрады.

2018 жылғы қаңтар-қыркүйегінде ЖӨӨ-дегі ШОК үлесі 2017 жылғы тиісті кезеңге 2,4 пайыздық тармаққа (12,2%) өсіммен 14,6% құрады.

Тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 102 423 бірлікті немесе 2017 жылға 101,7% құрады (1.01.18ж. – 100 710 бірл.), олардың ішінде жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны – 84 032 бірлік немесе 106% құрады (1.01.18 ж. –  79 276 бірл.)

2018 жылдың 1 қазанына шағын және орта бизнесте жұмыс істейтіндер саны 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 6,4% өсіп 236 188 адамды құрады. ШОБ жұмыс істейтіндер саны экономикалық белсенді тұрғындарға қатысты 34,3% (2017ж. қаңтар-қыркүйегіне -32%) құрады.

БЖК-2020 бағдарламасы аясында 2018 жылы 2,4 млрд.теңге игерілді.

171,6 млрд.теңгеге 1 576 жоба, соның ішінде 2018 жылы 11 млрд. теңгеге 172 жоба қолданды.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілді.

 

  1.  «Шағын және орта бизнестің жалпы қосымша құны, млрд. теңге» түйінді нысаналы индикаторы.

2018 жылға жоспарланған түйінді нысаналы индикатор 499,1 млрд.теңгені құрайды.

Алдын ала деректер бойынша 2018 жыл бойынша нақты орындалуы 550 млрд.теңге немесе жоспарланған мақсаттан 110,2% деңгейінде күтіледі.

2018 жылдың 9 айы бойынша шағын және орта бизнестің жалпы қосымша құны 460,4 млрд.теңге немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 130,6% құрады.

Мақсатты индикаторларға қол жеткізу, қолайлы іскерлік ахуалды қалыптастыруға және әкімшілік кедергілерді азайтуға және проблемалық мәселелерді шешуге бағытталған, Қарағанды облысында жаппай, оның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамытудың 2018-2019 жылдарға арналған егжей-тегжейлі жоспарының ауқымды шараларын іске асыру аясында қарастырылған ШОК секторының тұрақты дамуымен байланысты.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілді.

 

  1. «Жұмыссыздық деңгейі, %» түйінді нысаналы индикатры.

2018 жылға жоспарланған «Жұмыссыздық деңгейі» түйінді нысаналы индикаторы 5,1%-ды құрайды.

2018 жылғы 3 тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 4,5%-ды құрады.

Аталмыш көрсеткіш бойынша мәлімет, тоқсан сайын есептік кезеңнен кейін 45-ші күні 2018 жылға арналған ресми статистикалық ақпаратты тарату кестесіне сәйкес қалыптастырылады (2019 жылғы сәуір).

2018 жылы аталмыш көрсеткіш халықты жұмыспен қамтуға жәрдем көрсету бойынша көрсетілген шаралар нәтижесінде орындалды. Жұмыспен қамту шараларымен 61830 адам қамтылды. Мемлекеттік және үкіметтік, өңірлерді дамыту бағдарламалары аясында іске асырылатын жобаларға 1747 адам жұмысқа орналастырылды. Мемлекеттік қолдау шараларынсыз – 43505 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 1031 адам, жастар саясатына 1232 адам жұмысқа орналастырылды, кәсіптік оқуға 5902 адам жіберілді, қоғамдық жұмыстарға 7326 адам қатысты. 1067 шағын несие берілді. 

Қойылған мақсатқа қол жеткізілді.

 

  1. «Өлім-жітім» түйінді нысаналы индикаторы.

8.1 2018 жылға жоспарланған «Жалпы өлім-жітім» түйінді нысаналы индикаторы 1 мың адамға шаққандағы 9,77 оқиғаны құрайды.

2018 жылы көрсеткіш бойынша нақты орындау - 1 мың адамға шаққандағы 9,7 оқиға.  Нысаналы индикатор 100,7%-ға  орындалды.

Туберкулезбен ауыру және одан өлім-жітім сәйкесінше 9,2%-ға және 10%-ға  төмендеді; онкологиялық аурулардан 2,7%-ға.

Қойылған мақсатқа қол жеткзілді.

 

8.2. 2018 жылға жоспарланған «Аналар өлім-жітімі» түйінді нысаналы индикаторы 100 мың тірі туылғандарға шаққандағы 13,2 оқиғаны құрайды.

Қарағанды облысында 2018 жылдың қорытындысы бойынша аналар өлімінің 6 жағдайы тіркелді, көрсеткіш 100 мың тірі туғандарға шаққанда 26,2 құрады (2017 жылы – 3 жағдай, көрсеткіш 13,2 құрады).

Аналар өлімінің барлық жағдайлары аналар өліміне жол бермеу жөніндегі Республикалық штабта қаралды. Барлық 6 жағдай бойынша «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау Комитетінің Қарағанды облысы Қоғамдық денсаулық сақтау Департаменті» РММ-мен тексеру жүргізілді.

3 жағдай – алдын алуға болмайтын жағдай ретінде анықталды.

Медициналық көмек көрсетуде бұзушылықтарға жол берген әкімшіліктер мен медицина қызметкерлеріне тәртіптік жаза шаралары қабылданды.

Осы көрсеткішке қол жеткізбеудің негізгі себептері: мамандардың жеткіліксіз біліктілігі, кадрлар тапшылығы,   азаматтардың  өз денсаулығы үшін ортақ жауапкершілігінің болмауы.

Облыста жағдайды жақсарту мақсатында босандыру және балалар ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2018 жылдың қорытындысы бойынша босандыру және балалар медициналық ұйымдарының жабдықталуы 73,6% құрады. 2018 жылы 420 млн.теңгеден астам қаражат бөлінді,  2019 жылға шамамен 400 млн.теңге жоспарланған.

Медицина қызметкерлерін республикалық орталықтарда да, және жақын және алыс шетелдердің мамандарымен де оқыту бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде. Босандыру және балалар  қызметі мамандарының санаттылығы 65,6% құрайды.  Барлығы 472 адам 15 млн. теңгеден астам сомаға оқытылды.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілмеді.

 

8.3. 2018 жылға жоспарланған «Нәрестелер өлім-жітімі» түйінді нысаналы индикаторы 1 мың тірі туылғандарға шаққандағы 8,08 оқиғаны құрайды.

2018 жылы көрсеткіш бойынша нақты орындау 1 мың тірі туылғандарға шаққандағы 7,4 оқиғаны құрады. Нысаналы индикатор 109,2%-ға орындалды.

2017 жылмен салыстырғанда нәрестелер өлім-жітімі 4,1%-ға төмендеді (1 мың тірі туылғандарға 7,7-ден 7,4-ке дейін). 2018 жылдың 12 айында 22 911 нәресте тірі туылды, 1 жасқа дейін – 169 нәресте қайтыс болды (2017 ж. – 175 нәресте).

Облыста әйелдер мен балалар денсаулығын қорғау бойынша шаралар кешені жасалған және орындалады. Смартфондарды қолданатын «Қашықтықтан босанғанға дейінгі патронаж» енгізілген.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілді.

 

  1. «3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, %» түйінді мақсатты индикаторы.

Есепті жыл бойынша түйінді нысаналы индикатордың жоспарлы мәні – 99,6 %.

2018 жылы 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 100% құрады. Жоспарланған мақсаттан көрсеткіш 100,4%-ға орындалды.

Негізгі нысаналы индикатордың мәнінің орындалуы 1560 жаңа мектепке дейінгі орындық 20 жаңа мектепке дейінгі ұйым ашу есебінен болды (1165 орынды 15 балабақша, 395 орынды 5 шағын орталық), оның ішінде 1360 орынды 17 жеке инвестициялар есебінен.

МЖӘ шеңберінде 585 орындық 5 жоба іске асырылды (Шет ауданында – 3 165 орындық, Бұқар Жырау ауданында - 1 100 орындық, Қарағанды қаласында – 1 320 орындық). Инвестиция сомасы - 215,3 млн. теңгені құрайды.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілді.

 

 

  1.  «Құрылған тұрақты жұмыс орындарының саны, бірлік» түйінді нысаналы индикаторы.

2018 жылға нысаналы мәні – 5911 тұрақты жұмыс орын. Көрсеткішке жоспарланған мақсаттан 122%-ға қол жеткізілді және 7207 тұрақты жұмыс орнын құрады.

2018 жылы 10375 жұмыс орнын құру жылдық жоспары кезінде 13430 жаңа жұмыс орындары құрылды, оның ішінде 7207 – тұрақты жұмыс орындары.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілді.

 

  1.  «Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы, мың шаршы метр» түйінді нысаналы индикаторы.

2018 жылға жоспарлы мәні – 379 мың шаршы метр.

Қарағанды облысы бойынша «Нұрлы жер» Мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарлмасын іске асыру барысында 2019 жылдың қорытындысы бойынша қаржыландырудың барлық көздері арқылы 416,7  мың шаршы метр  (4135 пәтер) тұрғын үй іске қосылды, бұл жоспардың 109,9 % немесе 2017 жылдың фактісіне 111,4 % құрайды.

Тұрғын үйді іске қосудың көлемі: 34% - жеке тұрғын үй құрылысына (141,5 мың ш.м), 27,8 % коммерциялық  (115,9  мың ш.м) және 38,2% - мемлекеттік сектор тұрғын үй құрылысы (159,3 мың ш.м) үлесіне тиесілі.

 Қойылған мақсатқа қол жеткізілді.

 

  1.  «Коммуналдық инфрақұрылымға қолжетімділік, %» түйінді нысаналы индикаторы.

 

  1. Қалаларда жабдықтауды қамтамасыз ету үлесі:
  • орталықтандырылған сумен

2018 жылға мақсатты мәні - 92%.

2018 жылға қарай көрсеткіш бойынша нақты көрсеткіш 92% құрады (2017 жылға факт – 86,9%).

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне 2018 жылға жалпы құны 6,1 млрд. теңгені құрайтын ұзындығы 324,2 км 8 жоба ұсынылып, 2018 жылға 1,2 млрд. теңгеге ұзындығы 91,6 км 4 жоба ғана қолданған.

Жылдың соңында 2 нысан аяқталды және пайдалануға берілді, 2 өтпелі.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілді.

 

  • орталықтандырылған су бұрумен

2018 жылға мақсатты мәні - 70%.

2018 жылға қарай көрсеткіш бойынша нақты көрсеткіш 70% құрады (2017 жылға факт – 68%).

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне 2018 жылға жалпы құны 8,0 млрд. теңгені құрайтын 10 жоба, 264,6 шм ұзындығымен ұсынылып, 2018 жылы 1,6 млрд. Теңгеге ұзындығы 25,5 км 3 жоба ғана қолданған.

Жылдың соңында 2 нысан аяқталды және пайдалануға берілді, 1 өтпелі.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілді.

 

 

  1. Ауылдық елді мекендерде жабдықтауды қамтамасыз ету үлесі:
  • орталықтандырылған сумен

2018 жылға мақсатты мәні - 58%.

2018 жылға қарай көрсеткіш бойынша нақты көрсеткіш 55,3% құрады (2017 жылғы факт – 55%).

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне 2018 жылға жалпы құны 2,8 млрд. теңгені құрайтын 274,7 шм ұзындығымен 10 жоба ұсынылды. 2018 жылға нақты тек ұзындығы 102 км 1,5 млрд. теңгеге ғана 10 жоба қолданған. Қалған жобалар 172,7 км қаржыландыру 2019 жылға жоспарланады.

Жылдың соңында 1 нысан аяқталды және пайдалануға берілді, 9 өтпелі.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілмеді.

 

  • орталықтандырылған су бұрумен

2018 жылға мақсатты мәні – 9%.

2018 жылға қарай көрсеткіш бойынша нақты көрсеткіш 8,4% құрады (2017 жылғы факт – 8,4%).

Нысаналы идикаторға қол жеткізбеу 2019 жылы аяқталатын 1,6 млрд. теңгеге ұзындығы 29,7 км екі өтпелі жобаны жүзеге асырумен байланысты.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілмеді.

Орталықтандырылған сумен жабдықтау және су бұрумен қамтамасыз ету көрсеткіштері іске асырылып жатқан нысанның пайдалануға берілуіне тікелей байланысты. Сумен жабдықтау және су бұру жүйесі жоба бойынша барлық жұмыстар кешенінің аяқталуын және қосу – жөндеу жұмыстарын қажет етеді және онсыз жұмыс істей алмайды.

 

  1. «Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі, %» түйінді нысаналы индикаторы.

2018 жылдағы Меморандумға сәйкес аталған индикатордың жылдық мәні 76 % құрайды.

Есеп беру кезеңінде көрсеткіш бойынша нақты орындау жоспарланған мақсаттан 100% қол жеткізілді.

2018 жылы облыс автомобиль жолдарына барлық денгейдегі бюджеттерден жөндеу және техникалық қызмет көрсету үшін                  45.2 млрд.теңге бөлінді, 1215 км жол жөнделді, 2 мыңға жуық жұмыс орны құрылды.

Жоспарланған шаралардың орындалуы 2018 жылы жүк айналымын және тасымалданған жолаушылардың көлемін 4,2% ұлғайтуға мүмкіндік берді (10,4 млрд.т-км және 40,2 млрд.ж-км).

Қойылған мақсатқа қол жеткізілді.

 

  1. «10 мың халыққа шаққандағы қылмыстылық деңгейі, бірлік» түйінді нысаналы индикаторы.

       2018 жылға жоспарлы мәні – 190 бірлік.

       2018 жылы көрсеткіш бойынша нақты орындау 152,4 бірлікті немесе жоспардан 124,7% құрады.

       Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы саны облыс бойынша 23180-нен 20476-ға дейін қысқарды.

       Қойылған мақсатқа қол жеткізілді.

 

15. «100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету, бірлік» түйінді нысаналы индикаторы.

           2018 жылға жоспарлы мәні – 15,0 бірлік.

           2018 жылы көрсеткіш бойынша нақты орындау 21,9 немесе  бірлікті жоспадан 68% құрады.

           Қол жеткізілмеу себептері:

       2018 жыл бойынша Қарағанды облысының аумағында 544 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның салдарынан 186 адам қаза тауып, 665 жарақат алды.

       Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда ЖҚО-ның саны 25,5%-ға (730-дан 544-ге дейін) және жарақат алғандардың саны 27,8%-ға (921-тен 665-қа дейін) төмендегенімен, ЖҚО-дың салдарынан қаза тапқандардың саны 33,8%-ға елеулі өскені (139-дан 186-ге дейін) белгіленді.

       Облыс аумағында апаттылықты тұрақтандыру үшін «Контроль трезвости», «Маскүнем жүргізуші», «Автобус», «Қауіпсіз жол», «Мотоциклист», «Трасса» және «Грузовик» және т.б. 19 мақсатты алдын алу және рейдтік іс-шаралар жүргізілді.

       Бұдан басқа, аппатылықты талдау негізінде қосымша іс-шараларды белгілеу тұрақты негізде тәжірибеге енгізілген. Ағымдағы жылдың басынан республикалық маңызы бар автожолдарында 433 маршрут қойылды.

Өлімге әкеліп соқтырған ЖҚО фактілері бойынша қызметтік тергеулер жүргізілді, оның қорытындынсы бойынша 16 қызметкер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

 Сонымен, ағымдағы жылдың  12 айында жол жүрісінің саласы бойынша 173 298 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 3,5%-ға (167 485) артық, 1 929 соның ішінде көлік құралын масаң күйде басқарғаны үшін (1 945), жаяу жүргіншіге артықшылық бермеу 2 122 факті (1 863) және жаяу жүргіншілер тарапынан 18 946 бұзушылықтың (16 194) жолы кесілді.

Қарағанды облысы ПО-дары 575 бірлік портативті қуат алу жүйесінің бейне-тіркеуіштермен,  көшіру және сақтау жүйелермен қамтамасыз етілді.

Облыстың полиция бөлімі жол-патрульдік полициясы бөліністерінің  балансында 315 бірлік көлік алынды.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілмеді.

 

 

Дата cоздания: 21 Ақпан 2019 15:17
Дата редактирования: 21 Ақпан 2019 15:20
Телефон доверия:
41-17-10
Адрес местонахождения:
г.Караганда, ул. Алиханова 13