Перейти в мобильную версию: wap.econom-krg.gov.kz
Басты Кері байланыс Сайт картасы Нашар көретiндер үшiн

2019 жыл бойынша түйінді нысаналы индикаторларға қол жеткізу бойынша Қарағанды облысы әкімдігінің Меморандумын орындау қорытындысы туралы талдамалық жазба

  1. «Жалпы өңірлік өнім көлемінің нақты көлем индексі, %» түйінді нысаналы индикаторы».

2019 жылға арналған бекітілген Меморандумға сәйкес осы индикатор бойынша жылдық мән 105,2% құрайды.

2019 жыл қорытындылары бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 107,5% деңгейінде құрылды, бұл Меморандумның жоспарлы көрсеткіші деңгейінен төмен (105,2%). Қол жеткізу коэффициенті 102,2% құрады.

Тауар өндіруде өнеркәсіптің 3,2%-ға, ауыл шаруашылығының 2,3%-ға, құрылыстың 94,3%-ға өсуі қамтамасыз етілді.

Қызметтер саласында көлік қызметтері 2,9%-ға (жүк айналымы 2,4%-ға, жолаушылар айналымы 7,2%-ға), сауда 7,9%-ға, байланыс 10%-ға артты.

Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда металл кендерін өндірудің 24,8%-ға, түсті металл кендерін өндірудің 28%-ға өсуі есебінен нақты көлем индексі 110,6%-ды немесе 395,7 млрд.теңгені құрады.

Өңдеу өнеркәсібінде түсті металлургияда – 9,6% (861,9 млрд. теңге), фармацевтикада - 25,9% (4,9 млрд. теңге) өсу есебінен нақты көлем индексі – 100,2% құрады, өндіріс көлемі 1 970,2 млрд.теңге.

ЖӨӨ-де 6 базалық салаларының үлес салмағы 75% құрайды (өнеркәсіп – 46,7%, ауыл шаруашылығы – 3,3%, құрылыс – 5,9%, сауда – 12,9%, көлік – 5,7%, байланыс – 0,5%).

Жалпы, экономиканың барлық базалық салаларында оң серпінге қол жеткізілді.

Есепті кезеңге мониторинг қысқа мерзімді экономикалық индикатор бойынша (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс) өткізілді, өйткені жалпы өңірлік өнім бойынша есепті деректер ҰЭМ 2019 жылғы 13 қыркүйектегі бұйрығымен бекітілген 2020 жылға арналған статистикалық жұмыстар Жоспарына сәйкес 21 тамызда қалыптасады.

Бұл ретте, 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте жалпы өңірлік өнім көлемі 3590,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2018 жылғы деңгейге қарағанда 6% жоғары.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу болжамдалады.

 

  1.  «Жергілікті бюджетке салықтық және салықтық емес түсімдердің өсуі, %» түйінді нысаналы индикаторы.

2019 жылға мақсатты мәні 103,1% құрайды.

2019 жылға нақты орындалуы көрсеткіш бойынша 108,6% немесе жоспарланған мақсаттан 105,3% құрады.

Салық және салықтық емес төлемдер 164,2 млрд.теңге түсті.

Өсім облыстың ірі кәсіпорындары мен бюджеттік ұйымдар бойынша жалақы қорын ұлғайту, мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімақылар, санкциялар, өндіріп алулар бойынша түсімдер жоспарын асыра орындау есебінен қамтамасыз етілді.    

Қойылған мақсатқа қол жеткізілді.

 

  1. «Шикізат емес экспорттың көлемінің өсуі, %» түйінді нысаналы индикаторы.

2019 жылға жоспарланған «Шикізаттық емес экспорт көлемінің өсімі» негізгі нысаналы индикаторының мәні 100,7% құрайды.

2019 жылдың 11 айында нақты мәні 87,8% немесе жоспарланған мақсаттан 87,2% құрады.

Қол жеткізбеудің негізгі себебі 2018 жылдың соңында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-дағы ірі апат салдарынан прокат экспортының көлемінің азаюы, сондай-ақ өткен жылмен салыстырғанда әлемдік нарықтардағы мыс бағасының 12%-ға төмендеуі болып табылады. (прокат экспортының көлемі 2019 жылдың 11 айында 666 мың тоннаға немесе 2018 жылдың 11 айымен салыстырғанда 31%-ға төмендеді).

Қойылған мақсатқа қол жеткізбеу болжамдалады.

 

  1. «Негізгі капиталға инвестициялардың атаулы өсуі (мемлекеттік бюджеттен инвестицияларды қоспағанда), %» түйінді нысаналы индикаторы.

2019 жылға жоспарлы мәні 105% құрайды.

2019 жылы көрсеткіш бойынша нақты орындау 173,7% немесе жоспарланған мақсаттан 165,4% құрады.

Көрсеткіш өндірісті жаңғыртуға кәсіпорындармен жасалған салымдары есебінен орындалды: «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС, «Шұбаркөл көмір» АҚ, «Шұбаркөл Премиум» ЖШС, «Нова Цинк» ЖШС, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру есебінен: «Астана Газ КМГ» АҚ, «Жайремский ГОК» ЖШС, «YDD Corporation» ЖШС, «АлтынАлмас» АҚ, «Линде Газ» ЖШС, «Алайгыр» БК ЖШС, «КПМ-Дельта» ЖШС, «КазСолар-50» ЖШС, «Горно-рудные технологии» ЖШС.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілді.

 

  1. «Шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығарылымының нақты көлем индексі, түйінді нысаналы индикаторы».

2019 жылға «Шағын және орта бизнес өндірісінің нақты көлем индексі» индикаторының жылдық мәні 100,2% деңгейінде жоспарланған.

Алдын ала деректер бойынша көрсеткіш бойынша жоспарланған мақсаттан 104%-ға немесе 103,8%-ға қол жеткізу күтілуде.

2019 жылғы негізгі нысаналы индикаторды орындау жөніндегі жедел деректерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті 2020 жылғы сәуірде, нақтыланған деректерді 2020 жылғы қыркүйекте ұсынады.

2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім шығаруының нақты көлем индексі 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 104,3% құрады. 2019 жылғы қаңтар-қыркүйекте ШОБ субъектілері өндірген өнімдер мен қызметтердің көлемі 986,8 млрд.теңгені құрады.

2019 жылғы қаңтар-қыркүйектегі ЖӨӨ-дегі ШОК үлесі 2018 жылғы тиісті кезеңге 1,4 пайыздық тармаққа өсумен 16% құрады (14,6%).

ШОК-те тіркелген субъектілерінің саны 103 046 бірлікті құрады немесе 2018 жылға 100,6% (1.01.19 ж. - 102 423 бірлік), оның ішінде жұмыс істеп тұрғандары - 88 299 бірлік немесе 105,1% (1.01.19 ж. - 84 032 бірлік).

2019 жылдың 1 қазанына шағын және орта бизнесте жұмыспен қамтылғандар саны 2018 жылдың сәйкес кезеңіне 1,1% - ға артып, 238 701 адамды құрады. Облыстың экономикалық белсенді халқына қатысты жұмыспен қамтылғандар үлесі - 34,7% (2018 жылғы қаңтар-қыркүйек - 34,3%).

Негізгі нысаналы индикатордың өсуіне бизнесті қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асырудың және бизнеске жүктемені төмендету бойынша өткізілетін іс-шаралардың арқасында қол жеткізілді.

Сонымен, 2019 жылы БЖК-2020 бағдарламасы аясында 16,7 млрд.теңгеге 288 жоба мақұлданды,  бұл 2018 жылмен салыстырғанда 67%-ға көп.

2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» бағдарламасы бойынша 1689 шағын несие берілді, бұл 2018 жылмен салыстырғанда 52%-ға артық.

"Қарапайым заттар экономикасы" басым жобаларын қолжетімді несиелеу міндеттерін шешу мақсатында 2019 жылы 13,5 млрд теңгеден астам сомаға 74 жоба мақұлданды.

Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысы жалғастырылды, бизнес алдында бақылау-қадағалау органдарының бірыңғай есеп беру күнін өткізу тәжірибесі енгізілді.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу болжамдалады.

 

  1.  «Шағын және орта бизнестің жалпы қосымша құны, млрд. теңге» түйінді нысаналы индикаторы.

2019 жылға жоспарланған негізгі нысаналы индикатор 528,1 млрд.теңгені құрайды.                          

Алдын ала деректер бойынша 2019 жылы көрсеткіш бойынша нақты орындалуы 660,1 млрд.теңге деңгейінде немесе жоспарланған мақсаттан 125%-ға күтілуде.                      

2019 жылдың 9 айында шағын және орта бизнестің жалпы қосылған құны 573,8 млрд.теңге немесе 2018 жылдың тиісті кезеңінің деңгейіне 124,6% деңгейінде қалыптасты.

Нысаналы индикаторларға қол жеткізу Қарағанды облысында бұқаралық, оның ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамытудың 2018-2019 жылдарға арналған егжей-тегжейлі жоспарының кең ауқымды іс-шараларын іске асыру шеңберінде қамтамасыз етілген ШОБ секторының тұрақты дамуымен байланысты.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу болжамдалады.

 

  1. «Жұмыссыздық деңгейі, %» түйінді нысаналы индикатры.

2019 жылға жоспарланған «Жұмыссыздық деңгейі» түйінді нысаналы индикаторы 4,9%-ды құрайды.

2019 жылғы 3 тоқсанда жұмыссыздық деңгейі 4,4%-ды немесе жоспарланған мақсаттан 111,4% құрады.

2019 жылы бұл көрсеткіш халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларын көрсету нәтижесінде орындалды. Жұмыспен қамту шараларымен 63687 адам қамтылды. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылатын жобаларға 336 адам жұмысқа орналастырылды. Мемлекеттік қолдау шараларын қолданбай 42476 адам жұмысқа орналастырылды. Әлеуметтік жұмыс орындарына - 868 адам, жастар тәжірибесіне - 1573 адам, кәсіптік оқуға – 8281 адам жіберілді, қоғамдық жұмыстарға - 6761 адам қатысты. 1759 микрокредит берілді.

Қойылған мақсатқа қол жеткізу болжамдалады.

 

  1. «Өлім-жітім» түйінді нысаналы индикаторы.

8.1 2019 жылға жоспарланған «Жалпы өлім-жітім» түйінді нысаналы индикаторы 1 мың адамға шаққандағы 9,64 оқиғаны құрайды.

2019 жылы көрсеткіш бойынша нақты орындау – 1 мың адамға шаққандағы 9,73 оқиға. Нысаналы индикатор 99,1%-ға орындалды.

Бірқатар аурулар бойынша өлім-жітімнің төмендеуіне қарамастан, осы индикатор бойынша айтарлықтай оң өзгерістерге қол жеткізу мүмкін болмады  (9,84 - 2016 ж., 9,57 -2017ж., 9,71 - 2018 ж, 9,73 - 2019 жылдың қорытындысы бойынша).

Облыста егде адамдардың үлесі жоғары – 11% (ҚР – 7,5%). Өлім-жітімнің 33,8%-ы қан айналымы жүйесінің ауруларына тиесілі.

Облыс халқының 77% экологиялық жағдайы қолайсыз өнеркәсіптік қалаларда тұрады.

Осы индикаторға қол жеткізу үшін облыста келесідей іс-шаралар жүргізіледі:

  • 8 Ахуалдық орталық ашылды және тұрақты жұмыс істейді (ҚЖА бойынша - инсульт, инфаркт, онкологиялық, фтизиатриялық, хирургиялық, травматологиялық қызметтер және жедел медициналық көмек бойынша);
  • жіті миокард инфарктісі, жіті инсульт, жарақаттар, қатерлі ісіктер, босандыру және балалар саласында медициналық көмек көрсетудің біріктірілген үлгілерін енгізу бойынша іс-шаралар жоспарын орындау;
  • 3 нозология бойынша Инфекциялық емес ауруларды басқару бағдарламасы іске асырылуда: артериялық гипертензия, қант диабеті және облыстың барлық медициналық ұйымдарында созылмалы жүрек жеткіліксіздігі;
  • кадрларды бекіту және тарту жөніндегі бағдарламалар (әлеум.пакет, баспанамен қамтамасыз ету, көтермеақы). Облыс өңірлерінде дәрігерлік кадрларды бекіту бойынша пәрменді шара оларға тұрғын үй беру болып табылады.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілмеді.

 

8.2. 2019 жылға жоспарланған «Аналар өлім-жітімі» түйінді нысаналы индикаторы 100 мың тірі туылғандарға шаққандағы 12,41 оқиғаны құрайды.

2019 жыл қорытындылары бойынша көрсеткіш 100 мың тірі туылғандарға шаққандағы 39,4 оқиғаны құрады, 2018 жылдың сәйкес кезеңінде 26,2 оқиға, аналар өлім-жітімінің 9 жағдайы тіркелді.       

  Әйелдердің өлімінің негізгі себебі - акушерлік асқынулармен байланысты емес соматикалық патология.

  Облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің комиссиясы жүргізген қызметтік тексерулерден кейін медициналық, әлеуметтік және заңды критерийлерді ескере отырып, оқиғалар жол бермеуге болмайтын жағдайлар ретінде анықталды.

Ана өлімінің негізгі себептері: репродуктивті жастағы әйелдердің денсаулық индексінің төмендігі - 30% және өз денсаулығына жауапкершіліктің болмауы есебінен фертильді жастағы әйелдерді тиімсіз диспансерлеу болып табылады.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілмеді.

 

8.3. 2019 жылға жоспарланған «Нәрестелер өлім-жітімі» түйінді нысаналы индикаторы 1 мың тірі туылғандарға шаққандағы 7,79 оқиғаны құрайды.

2019 жылы көрсеткіш бойынша нақты орындау 1 мың тірі туылғандарға шаққандағы 8,6 оқиғаны құрады. Нысаналы индикатор 90,6%-ға орындалды.

Нәресте өлім-жітімі құрылымында 2019 жылдың қорытындысы бойынша перинаталдық себептер басым, нәресте өлімін талдау қайтыс болған балалардың барлық аналарының ауыр акушерлік анамнезі немесе гестоз белгілері бар экстрагениталды патологиясы бар болғанын көрсетті.

Облыста ана мен бала өлімін төмендету бойынша жұмыстар жүргізілді:

  • ана мен бала өлімін болдырмау бойынша жедел іс-шаралар жоспары қабылданды;
  • барлық бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарында диспансерлеу кабинеттері іске асырылды;
  • Кешенді медициналық ақпараттық жүйеде сыни жағдайдың ықтимал дамуын көрсететін индикаторлар әзірленді, «Ана өлімінің алдын алудың виртуалды штабы» енгізілді;
  • жүкті әйелдер, босанатын және босанған әйелдер арасындағы қиын жағдайларды дер кезінде қадағалау мақсатында медициналық ұйымдарға сарапшылар тобы бекітілді, олар барлық жағдайларға сараптама жүргізеді;
  • Жезқазған өңірінде перинаталдық және акушерлік патологиясын дамыту қаупі бар жүкті әйелдерді бақылауды жақсарту үшін «Жезқазған қаласының көп бейінді ауруханасы» КМК консультациялық-диагностикалық орталығы базасында жоғары қауіп-қатер кабинеті ашылды;
  • "Облыстық клиникалық аурухана" КМК базасында экстрагениталды аурулармен фертильді жастағы әйелдерді диспансерлеуді үйлестіру кабинеті құрылды;
  • босандыру және балалар ұйымдарын материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша 502 млн.теңге сомасына 75 бірлік медициналық жабдықтар сатып алынды;
  • кадрлар тапшылығын жою бойынша шаралар қабылданды, ағымдағы жылы «МУК» КЕАҚ 25 резидент түлектері келді, оның ішінде 14 акушер гинеколог, 9 анестезиолог, 2 неонатолог;     
  • есепте тұрмайтын жүкті әйелдерді анықтау мақсатында тіркелген тұрғындар арасында аулаларды аралау жүргізіледі, барлығы 169325 тексеру жүргізілді, 74865 әйел қаралды, 13 аптадан астам жүкті әйелдер 565 адам анықталды.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілмеді.

 

 

  1. «3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, %» түйінді мақсатты индикаторы.

Есепті жыл бойынша түйінді нысаналы индикатордың жоспарлы мәні – 100%.

2019 жылы 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 100% құрады. Көрсеткіш бойынша жоспарланған мақсатттан 100% орындалуға қол жеткізілді.

Облыста 232 балабақша мен 303 шағын орталық жұмыс істейді.

Ағымдағы жылдың басынан 1 565 орындық 18 жаңа мектепке дейінгі ұйым ашылды, оның ішінде 16 жеке меншік.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілді.

 

 

  1.  «Құрылған тұрақты жұмыс орындарының саны, бірлік» түйінді нысаналы индикаторы.

2019 жылға нысаналы мәні – 6194 тұрақты жұмыс орны.

Көрсеткіш жоспарланған мақсаттан 196,5% орындалып, 12 170 тұрақты жұмыс орнын құрады.

2019 жылы жылдық жоспар 11 137 жұмыс орны бола тұра, 32 455 жаңа жұмыс орны құрылды, оның ішінде 12 170 тұрақты жұмыс орны.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілді.

 

  1.  «Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы ауданы, мың шаршы метр» түйінді нысаналы индикаторы.

2019 жылға нысаналы мәні – 420,0 мың шаршы метр.

2019 жыл бойынша нақты 421,0 мың шаршы метр тұрғын үйлердің жалпы ауданы енгізілді немесе 2018 жылдың деңгейіне 101,0%.

Көрсеткіш бойынша қойылған мақсаттан 100,2% орындауға қол жеткізілді.

Қол жеткізу 2018 жылмен салыстырғанда іске қосылған жеке тұрғын үй көлемі – 153,4 мың шаршы метрге дейін жетіп, 8,5%-ға өсуі арқылы және жеке инвестициялар арқылы салынған тұрғын үй көлемі 192,2 мың шаршы метр дейін жетіп, 66,1%-ға өсуі арқылы қамтамасыз етілген.

2019 жылы тұрғын үй құрылысына инвестициялар көлемі 2018 жылдың фактісіне қарағанда 1 871,2 млн. тенгеге  өсіп, 42 719,9 млрд.теңгені құрады. 

Тұрғын үй құрылысы секторында өсудің жоғары қарқыны сақталуда. Соңғы үш жылда (2017-2019жж.), 1 млн. 211,8 мың шаршы метр жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл облыстың тұрғын үй қоры 2018 жылдың бір адамға шақанда 23,2 шаршы метрден, 2019 жылы  23,5 шаршы метрге дейін ұлғайтты. 

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша келесі бағыттар жүзеге асырылады: халықтың әлеуметтік трғыдан осал топтарына арналған жалдамалы тұрғын үйлер; тұрғын үй құрылыс жинақтау бағыты бойынша несиелік тұрғын үй; көппәтерлі тұрғын үйлер мен жеке тұрғын үй құрылысына инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жасау және салу; облыстық орталықта жеке тұрғын үй құрылысы пилоттық жобасын жүзеге асыру; «DAMU» қоры бойынша жеке салушылардың несие мөлшерлемесін субсидиялау.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілді.

 

  1.  «Коммуналдық инфрақұрылымға қолжетімділік, %» түйінді нысаналы индикаторы.

 

  1. Қалаларда жабдықтауды қамтамасыз ету үлесі:
  • орталықтандырылған сумен

2019 жылға нысаналы мәні – 97%.

2019 жылы көрсеткіш бойынша нақты орындау 97% құрады (2018 жыл бойынша – 92%). Орындау коэффициенті 100%.

Халық саны 1 092 859 адам 11 қала бойынша 1 060 081 адам немесе 97% орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. 32 778 адам қамтылмаған.

Жоспарлы көрсеткішке қол жеткізу үшін 2019 жылы жалпы сомасы 3,8 млрд.теңге болатын 6 жоба жүзеге асырылды (2020-2021 жылдарға өтпелі).

Жыл қорытындылары бойынша 42,09 км су құбыры желілері салынды және қайта құрылды.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілді.

 

  • орталықтандырылған су бұрумен

2019 жылға нысаналы мәні – 73%.

2019 жылы көрсеткіш бойынша нақты орындау 73% құрады (2018 жыл бойынша – 70%). Орындау коэффициенті 100%.

Облыстың 11 қаласы бойынша орталықтандырылған су бұрумен 797 787 адам немесе 73% қамтамасыз етілген. 295 072 адам қамтылмаған.

Жоспарлы көрсеткішке қол жеткізу үшін 0,9 млрд.теңгеге 1 жоба жүзеге асырылды (2018 жылдан өтпелі).

Іс-шараны іске асырумен 3,075 км кәріз желілерінің құрылысы қарастырылған, бұл Қарағанды қаласының 32 786 тұрғынының су бұру қызметтерінің жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілді.

 

  1. 2 Ауылдық елді мекендерде жабдықтауды қамтамасыз ету үлесі:
  • орталықтандырылған сумен

2019 жылға нысаналы мәні – 62%.

2019 жылы көрсеткіш бойынша нақты орындау 57,2% құрады (2018 жыл бойынша – 55,3%). Орындау коэффициенті 92,3%.

Халық саны 291 036 адам 421 ауылды елді мекен бойынша орталықтандырылған сумен 241 ауылды елді мекен немесе 261 001 адам қамтамасыз етілген. Қамтамасыз ету үлесі 57,2% немесе халық саны бойынша 89,68% құрады. 180 ауылды елді мекен немесе 30 035 адам қамтылмаған.  

Жыл қорытындылары бойынша 9 нысан аяқталды, бұл 20 545 адамды сумен жабдықтау сапасын жақсартуға мүмкіндік берді.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілмеді.

 

  • орталықтандырылған су бұрумен

2019 жылға нысаналы мәні – 9%.

2019 жылы көрсеткіш бойынша нақты орындау 9% құрады (2018 жыл бойынша – 8,4%).

Жоспарлы көрсеткішке қол жеткізу үшін 2019 жылы 0,7 млрд.теңгеге 2 жобаны жүзеге асыру жүргізілді (2018 жылдан өтпелі).

11,2 км кәріз желісі салынды, бұл жоспарлы көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік берді.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілді.

 

  1. «Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі, %» түйінді нысаналы индикаторы.

Аталған индикатордың жылдық мәні 77% құрайды.

Есеп беру кезеңінде көрсеткіш бойынша нақты орындау жоспарланған мақсаттан 100% қол жеткізілді.

2019 жылы облыс автомобиль жолдарына барлық денгейдегі бюджеттерден жөндеу және техникалық қызмет көрсету үшін                  60,1 млрд.теңге бөлінді, 1288 км жол жөнделді, 3 мыңға жуық жұмыс орны құрылды.

Жоспарланған шаралардың орындалуы 2019 жылы жүк айналымын 2,4%-ға және тасымалданған жолаушылардың көлемін 7,2%-ға ұлғайтуға мүмкіндік берді (10,6 млрд.ткм. және 43,1 млрд.пкм сәйкесінше).

Қойылған мақсатқа қол жеткізілді.

 

  1. «10 мың халыққа шаққандағы қылмыстылық деңгейі, бірлік» түйінді нысаналы индикаторы.

2019 жылға нысаналы мәні – 159 бірлік.

2019 жылы көрсеткіш бойынша нақты орындау 114 бірлікті немесе жоспарланған мақсаттан 139,5%-ды құрады.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда облыс бойынша тіркелген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жалпы саны 23,6%-ға, 20476-дан 15641-ге дейін қысқарды.

01.01.2020 жылға жағдай бойынша облыстың халық саны 1 376 875 адамды құрады.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілді.

          

  1. «100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын төмендету, бірлік» түйінді нысаналы индикаторы.

2019 жылға нысаналы мәні – 22,5 бірлік.

2019 жылы көрсеткіш бойынша нақты орындау 21,5 бірлікті немесе жоспарланған мақсаттан 104,7% құрады.

2019 жылы Қарағанды облысының аумағында 540 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 179 адам қаза тауып, 653 адам жарақат алды.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ЖКО саны 0,7%-ға төмендеді (544-тен 540-қа дейін), сонымен қатар жарақаттанғандар саны 1,8%-ға (665-тен 653-ке дейін) және қаза тапқандар саны 3,8%-ға төмендеді (186-дан 179-ға дейін).

Облыс аумағында апаттылықты тұрақтандыру үшін 10 мақсатты профилактикалық іс-шаралар өткізілді: "Автобус", "Қауіпсіз жол", "Мотоцикл" және "Жаяу жүргінші".

Бұдан басқа, апаттылықты талдау негізінде тұрақты негізде қосымша маршруттар қою тәжірибесі бар. Өткен кезеңде республикалық маңызы бар автожолдарда 215 қосымша бағыт қойылды, сондай-ақ 630 рет экипаждар облыс өңірлеріне жол қозғалысы ережелерін бұзудың жолын кесу бойынша апаттылықтың жай-күйіне бірінші кезекте әсер ететін жұмыстарды жүргізуге жіберілді.

Өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасының барлық фактілері бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша облыстың ПО 16 қызметкері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Жол қозғалысы саласында 172831 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, бұл 2018 жылға қарағанда 0,5%-ға аз (173956), оның ішінде 1846 мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін (1951), 2026 жаяу жүргіншіге артықшылық бермегені үшін (2125) және 17026 жаяу жүргіншілер тарапынан бұзушылықтар (18 112).

Облыс автожолдарындағы апаттылықты төмендету бойынша жұмыстар жалғасуда және үнемі бақылануда.

Қойылған мақсатқа қол жеткізілді.

 

Дата cоздания: 24 Ақпан 2020 10:58
Дата редактирования: 24 Ақпан 2020 11:02
Телефон доверия:
41-17-10
Адрес местонахождения:
г.Караганда, ул. Алиханова 13

Қаржы министрлігінің жаңалықтар